Select Page

Студенттер үйі

Кырыкбаев Бакытхан Бекмухаметович

Студенттер үйі қызметінің меңгерушісі

Кырыкбаев Бакытхан Бекмухаметович

Телефон: 8-747-653-86-80

ЛжКА – көлік-коммуникация саласының мамандарын дайындайтын, еліміздің көлік саласындағы жетекші ЖОО. Академияда еліміздің түпкір-түпкірінен келген жастар білім алады.

Академия жанында қазіргі кезеңнің сұранысына толық сай келетін төрт Студенттер үйі (ары қарай – СҮ) бар. Жалпы көлемі – 26277,6 шаршы м., ол жерде тұратын студенттер саны – 2 000 астам.

Студенттердің тұрғылықты жері бойынша туындайтын мәселелерді шешу үшін, СҮ жанында Студенттік өзін-өзі басқару арнайы органы жұмыс жасайды.

ЛжКА СҮ-де ғаламтор желісіне тегін WI-FI жүйесі қосылған. Ғаламтор жылдамдығы – 100 мбит/сек.

ЛжКА СҮ – жайлылығымен және қолайлы өмір сүру жағдайымен ерекшеленеді. Студенттер екі және үш орынды бөлмелерде тұрады.

ЛжКА СҮ-де жұмыс жасау, оқу және білім алу үшін барлық жағдайлар жасалған.

Студенттердің білімін жоғарылату үшін әр СҮ-де оқу залдары бар. Ол жерде компьютерлік техникалар, қажетті әдебиет қоры, мерзімді басылым жинақтар және теледидар бар.

Барлық СҮ – салауатты өмір салтын ұстану үшін жаттығу залдары бар. Атап айтсақ, ол жерде жаттығу құралдары, бильярд және теннис үстелдері мен аэробика залдары бар.

Кітапхана, жаттығу залдары, асхана, терминалдар, көшірме орталықтары мен кір жуу бөлмесі – барлық СҮ-нің ажырамас бөлігі.

СҮ айналасында аяқ доп алаңдары мен демалыс алаңқайы орналасқан.

Студенттердің қауіпсіздігі үшін сыртқы және ішкі бейнебақылау камералары орналасқан.

Бейне бақылаулар 24 сағат бойы жүргізіледі. Жазылған бейнетаспа – 15 күн сақталады.

СҮ-не кіріп-шығу кезекші – вахтер қызметкерімен жүзеге асырылады. Әрбір СҮ тұрғынында рұқсат карточкасы  болу міндетті.

СҮ тұру тәртібі – ЛжКА Студенттер үйінде тұру ережесіне сай жүргізіледі.

Орналасу жайлы өтініш – әр оқу жылының 25 тамызынан бастап қабылданады.

Академияның Студенттер үйлерінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша немесе толық ақылы негізде оқитын және Қазақстан Республикасының шалғай облыстарынан келген студенттердің, сондай-ақ шет мемлекеттер азаматтарының тұруға құқығы бар.

Бірінші кезекте, Студенттер үйінің орындарымен келесі талапкерлер қамтамасыз етіледі:

  • мүгедектер қатарындағы кемтар адамдарға, бала кезінен мүгедектерге, I және II топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, егер ата-анасының екеуінде де немесе біреуінде де мүгедектік болса; төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
  • кәмелетке толған сәтте ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы адамдарға, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға түскен ауыл жастары қатарындағы адамдар, сондай-ақ халықаралық және үкіметаралық шарттарға сәйкес «ЛжКА» АҚ-да оқитын шетелдік студенттер;
  • бағдарлама шеңберінде білім алушыларға «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» («Серпін-2050»);
  • бірінші курсқа қабылданған, «Алтын белгі» белгісі бар білім алушыларға, Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиада және (немесе) конкурс жеңімпазының сертификаты бар білім алушыларға, сондай-ақ оқу орнын үздік бітірген талапкерлерге білімі туралы растайтын құжаты (куәлік, аттестат, диплом) бар;
  • мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес бірінші курсқа оқуға қабылданған, Ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе Кешенді тестілеудің, пәндер бойынша немесе ұйым өткізген тестілеу нысаны бойынша түсу емтихандарының қорытындылары бойынша жоғары балы бар білім алушыларға;
  • оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыста жоғары нәтижелері бар жоғары курс оқушылары қатарындағы білім алушыларға;
  • колледжді үздік дипломмен бітірген «ЛжКА» АҚ колледж түлектеріне;
  • «Шебер» студенттік құрылыс жасағына;
  • студенттер үйінде тұрған уақытында тәртіптік жазасы жоқ 2-4 курс студенттеріне, магистранттарға, докторанттарға;
  • Алматы қаласында жеке тұрғын үйі жоқ «ЛжКА» АҚ қызметкерлеріне (әйелі/күйеуі, кәмелетке толмаған балалары/ересек балалары, үйленбеген/тұрмыста емес).

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) балалар қатарындағы талапкерлерден тұру ақысы алынбайды.

Келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  • жеке куәлік (көшірме);
  • фотосуреттер 3\4-3 дана;
  • № 086 медициналық анықтама (көшірмесі немесе электронды түрде).

Ескертпе: жеңілдіктерге құқығы бар талапкерлер қосымша мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:

  • ата-анасының немесе отбасы мүшелерінің бірінің мүгедектігі туралы куәлігі;
  • ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік;
  • өзінің туу туралы куәлігі және кіші інілерінің туу туралы куәліктері;
  • жеңілдіктер беруді растайтын басқа да құжаттар.

Platonus ААЖ-ға онлайн өтінімдер беру Студенттер үйлеріне орын алу үшін негіз болып табылады:

  • өтініш Platonus ААЖ арқылы студенттің жеке кабинетінен жатақхана модулі арқылы беріледі (сканерленген жеке куәлікті тіркей отырып, өтінішті қарау 3 жұмыс күнін құрайды);
  • студенттің өтініші мақұлданғаннан кейін ЭҚЖ Dokumentolog және Doculite жүйесі арқылы Студенттер үйлерінде тұруға шарт рәсімделеді (білім алушының жеке тұлғалық ЭЦҚ кілті болуы шарт және https://doculite.com жүйесінде тіркелуі тиіс);
  • төлем расталғаннан кейін (кемінде 1 семестр үшін немесе оқу жылы үшін толық төлем жасалса) Студенттер үйі мен Platonus ААЖ-да бөлмені көрсете отырып, Студенттер үйлеріне орналасуға бұйрық рәсімделеді;
  • тұруға бұйрық шыққаннан кейін білім алушының Студенттер үйіне орналасуға құқығы бар. (Өзімен бірге келесі құжаттар топтамасы болуы тиіс: 075-У нысаны бойынша ФГ суреті бар анықтама, жеке куәлік көшірмесі, 3х4 – 4 дана фотосурет, ЭЦҚ кілт).

№2 Студенттер үйі

Бос орындар

18

№3 Студенттер үйі

Бос орындар

122

№4 Студенттер үйі

Бос орындар

29

Анықтама телефондары:
№1 СҮ – 261-76-58;
№2 СҮ – 261-21-51;
№3 СҮ – 272-32-23;
№4 СҮ – 261-28-74.

Студенттер үйі №1

Абилкаирова Торгын Мұратбекқызы

1-СҮ меңгерушісі

Абилкаирова Торгын Мұратбекқызы
Телефон: +7 701 222 1158
Мекен-жайы: Мауленов көшесі 108

Студенттер үйі №2

2-СҮ меңгерушісі

Койшыбаева Жулдыз Кадыровна
Телефон: +7 (707) 426 46 66
Мекен-жайы: Мауленов көшесі 110

Студенттер үйі №3

Сахариева Шолпан Кабыгалымовна

3-СҮ меңгерушісі

Сахариева Шолпан Кабыгалымовна

Телефон: 8-705-710-51-17
Мекен-жайы: Мауленов көшесі 112

Студенттер үйі №4

Абрасилова Айнаш Орымбаевна

4-СҮ меңгерушісі

Абрасилова Айнаш Орымбаевна
Телефон: 8-707-184-75-01
Мекен-жайы: Масаншы көшесі 88

Приемная комиссия