2026 жылдың 24 сәуірінде М. Тынышпаев атындағы ALT Университетінің «Сәулет-құрылыс инженериясы» кафедрасы автожол саласы кәсіпорындары өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының автожол саласы үшін кадрлар даярлау жөніндегі Жол картасын іске асыру барысы туралы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізді. Іс-шараға «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ҰК» АҚ, «ҚазжолҒЗИ» АҚ филиалдарының директорлары, сондай-ақ басқа да бейінді ұйымдардың өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел жұмысына барлығы 40-тан астам сала маманы қатысты.
Отырыс барысында студенттердің өндірістік практикасын ұйымдастыруды, түлектерді жұмысқа бөлуді қоса алғанда, автожол саласы үшін кадрлар даярлаудың өзекті мәселелері, сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен бірлесіп іске асырылатын «Автомобиль жолдары мен инфрақұрылым инженериясы» (индустриялық бакалавриат) жаңа білім беру бағдарламасын ашу перспективалары қаралды. Білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Әр оқу жылының соңында университет өндірістің заманауи талаптарын ескере отырып, пәндердің мазмұнын түзетуге мүмкіндігі бар екендігі атап өтілді.
Осыған байланысты кәсіпорындарға тереңірек зерттеуді қажет ететін тақырыптар бойынша өз ұсыныстарын енгізу, сондай-ақ болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыру үшін оқытушылар ерекше назар аударуы тиіс бағыттарды белгілеу ұсынылды. Мұндай іс-шараларды өткізу ЖОО мен жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, оқытудың тәжірибеге бағдарланған сипатын арттыруға және Қазақстан Республикасының автожол саласы үшін бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауға ықпал етеді.


