2026 жылдың 12 наурызында сағат 11:00-де Логистика және көлік академиясының (ALT) қабырғасында маңызды кездесу өтті. Шара Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 9: Индустрияландыру, инновация және инфрақұрылым) аясында ұйымдастырылды.
Өндіріс пен ғылымның тоғысқан бұл диалогында еліміздің жетекші сала мамандары бас қосып, болашақтың қалаларын құру және цифрлық трансформация мәселелерін талқылады.
Өндіріс пен білім интеграциясы
Кездесуге өндіріс саласының білікті басшылары арнайы қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті:
- Ошанов Алмаз Еренкаипович – «СаулетSKB» ЖШС директоры;
- Езмахунов Рустам – «RTA Profiii» ЖШС директоры.
Сала сарапшылары қазіргі таңдағы цифрлық инфрақұрылым мен Smart City тұжырымдамаларының маңыздылығын ашып көрсетті.
Талқыланған негізгі тақырыптар:
- Цифрлық қаңқа: Инженерлік желілердегі инновациялық шешімдер мен жаңа технологиялар.
- Smart City: «Ақылды қала» жобалары және заманауи ИТ-шешімдерді енгізу жолдары.
- Болашақ бағдары: Тұрақты даму мен кешенді цифрлық трансформацияның маңызы.
Ұйымдастырушылар мен жетекшілер
Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне «Көлік және құрылыс» институты мен «СҚИ» кафедрасы ұйытқы болды. Кездесуге ALT Университетінің қауымдастырылған профессоры Дюсенгалиева Т.М. жетекшілік етті.
Кездесудің мақсаты: Инфрақұрылымды цифрлық деңгейде дамыту бойынша өндіріс пен академиялық орта арасындағы байланысты нығайту және тәжірибе алмасу.


