2026 жылғы 26 мамырда №4 Студенттер үйінде Инклюзивті білім беру және менталдық денсаулық офисінің жетекшісі Дария Рахималиевна Шабденова мен «AQ JOL Medical clinic» орталығының клиникалық психологы Әсем Жеңісова бірлесіп, БҰҰ-ның №3 Тұрақты даму мақсаты («Жақсы денсаулық және әл-ауқат») аясында арнайы тренингтік сессиялар өткізді.
Әртүрлі топ студенттерінің қатысуымен келесі өзекті тақырыптар бойынша психологиялық тренингтер ұйымдастырылды:
-
«Білім алушылар арасындағы аутодеструктивтік мінез-құлықтың алдын алу: себептері мен алдын алу жолдары»
-
«ALT Talks: емтихандағы сенімділік — бұл шынайы» (емтихан сессиясына дайындық)
Тренинг барысында студенттер арнайы практикалық жаттығулар орындау арқылы өзін-өзі реттеу және психологиялық тұрақтандыру әдістерін меңгерді. Сонымен қатар, қатысушылар ойлау бұрмалануларының категорияларымен танысып, мазасыздық деңгейін төмендету мен емтихан кезеңіндегі эмоционалдық тұрақтылықты арттырудың тиімді тәсілдерін үйренді. Сессия аясында білім алушылардың эмоционалдық қиындықтарын уақытылы анықтау және оларға алдын ала психологиялық қолдау көрсету мақсатында мазасыздық пен депрессия шкалалары бойынша деңгейлік сауалнама жүргізілді.
Университет әкімшілігі осы маңызды іс-шараларды жедел әрі жоғары деңгейде ұйымдастыруға жан-жақты қолдау көрсеткен институт директорларына, директор орынбасарларына, эдвайзерлерге, студенттер үйінің комендантына және топ старосталарына терең алғыс білдіреді.


