2026 жылғы 27 тамызда Мухамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университетінде профессор-оқытушылар құрамына арналған Жазғы мектеп өтті. Бағдарлама университет оқытушыларының басын қосып, академиялық қызметтің өзекті мәселелерін, кәсіби дамуды және профессор-оқытушылар құрамына арналған жаңа мүмкіндіктерді талқылау алаңына айналды.
Жазғы мектеп Басқарма Төрағасы — Ректор Меруерт Советовна Жармағамбетованың құттықтау сөзімен басталды. Ашылу аясында қатысушыларға жаңа қызметкерлерге арналған навигатор таныстырылып, университетте болып жатқан басты өзгерістер туралы айтылды.
Бағдарламаның алғашқы блоктарының бірі университеттің жаңа ұйымдастырушылық құрылымымен танысу болды. Бизнес-процестер және методология офисінің басшысы Ерлан Қуанышұлы Шатырбеков негізгі өзгерістер мен оларды жүзеге асыру қағидаттарын таныстырды.
Тақырыптың жалғасы ретінде Академиялық қызмет жөніндегі проректор Шамиль Асқарұлы Абдрешовтың оқытушылардың уәждемесі мен кәсіби даму құралы ретіндегі KPI-ға арналған баяндамасы өтті. Қатысушылар көрсеткіштер жүйесін нәтижелерді бағалаумен ғана емес, сонымен бірге оқытушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытумен қалай байланыстыруға болатынын талқылады.
Бағдарламада оқу процесін ұйымдастыру мәселелері маңызды орын алды. Академиялық саясат және сапа департаментінің директоры Қымбат Магитайқызы Балажанова оқытушылардың оқу жүктемесін нормалаудың жаңа тәсілдерін таныстырды.
Жеке блок студенттерді бағалаудың заманауи тәсілдеріне арналды. Case study форматында АСӨД әдіскері Кенжехан Сериковна Бақтыбаева мен қауымдастырылған профессор Лилия Владимировна Вахитова дәстүрлі бағалаудан студенттерді дамытуға және оқыту нәтижелерін объективті өлшеуге бағытталған құралдарға көшу мәселесін қарастырды.
Салтанат Ерғазықызы Бадамбаева қатысушыларға оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу мен енгізудің заманауи тәсілдеріне негізделген силлабустың жаңа моделін таныстырды.
Бағдарламаның едәуір бөлігі ғылыми қызмет пен халықаралық ынтымақтастыққа арналды. Informascope компаниясының Орталық Азия бойынша консультанты Рабиға Алтайқызы Хожамқұл «Табысты жарияланымға жол және ынтымақтастықты іздеу» тақырыбында практиклық сессия өткізді.
Сессия барысында оқытушылар өзекті зерттеу тақырыптарын таңдау, ғылыми жарияланымдардың көрінуін (visibility) арттыру, жарияланым метрикаларын талдау және халықаралық серіктестерді іздеу үшін Scopus және Elsevier құралдарымен танысты. БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары саласындағы зерттеулерге, ынтымақтастық мүмкіндіктерін іздеуге және зерттеу тақырыптары бойынша шетелдік ғылыми жетекшілерді табуға ерекше көңіл бөлінді.
Бағдарламаның практикалық бөлігі университеттің өзекті бастамаларымен танысуды да қамтыды. Маркетинг жөніндегі басқарушы директор Думан Мырзағалиұлы Иманғалиев 2026 жылғы қабылдау науқанының қорытындыларын таныстырды.
Бағдарлама ментальды денсаулықты сақтауға арналған блокпен аяқталды. Инклюзивті білім беру және ментальды денсаулық офисінің басшысы Дария Рахималиқызы Шабденова мен психолог Сара Мусина білім беру ұйымындағы психологиялық аман-саулық, эмоционалды жағдай және қолдау көрсететін орта мәселелерін талқылады.
Жазғы мектеп аясында ALT University оқытушыларын кәсібилігі, жауапты жұмысы, университетті дамытуға қосқан үлесі және білім беру процесіне қосқан елеулі үлесі үшін Алғыс хаттармен марапаттау өтті.
Алғыс хаттар өз еңбегімен, бастамашылдығымен және іске адалдығымен академикалық қоғамдастықты дамытуға және университеттің сапалы білім беру ортасын қалыптастыруға үлес қосып жүрген қызметкерлерге деген ризашылық белгісі болды.
Әріптестерімізді құттықтаймыз және кәсібилігі, белсенділігі мен ортақ іске қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз!
Жазғы мектеп оқытушылар үшін университеттегі өзгерістер мен жаңа құралдар туралы біліп қана қоймай, практикалық білім алуға, тәжірибе алмасуға және одан әрі кәсіби даму бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.
Оқытушылардың дамуы — университетті дамытудың басты факторларының бірі. Сондықтан ALT University профессор-оқытушылар құрамының кәсіби өсуі, заманауи білім беру тәсілдерін енгізу және академикалық мәдениетті нығайту үшін мүмкіндіктер жасауды жалғастырады.


