ТМД-ға қатысушы мемлекеттер ғалымдарының VI форумы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығы аясында 2026 жылғы 29 қазанда Алматы қаласында өтті. Іс-шара ТМД елдерінің ғалымдарын, сарапшыларын және ғылыми-білім беру ұйымдарының өкілдерін біріктірді.
Форум барысында жасанды интеллектіні ғылымда қолдану, ғылыми кадрлар даярлау, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ цифрлық технологияларды білім беру, медицина, агроөнеркәсіп, энергетика және тұрақты даму салаларына енгізу мәселелері талқыланды.
Форумның тақырыбы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған міндеттермен тікелей үндеседі. Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні кеңінен енгізуді, Digital Qazaqstan стратегиясын дамытуды, цифрлық экономиканы қалыптастыруды және білікті кадрлар даярлауды елді жаңғыртудың маңызды бағыттары ретінде белгіледі.
ALT University профессорлары — Логистика және бизнес департаментінің профессоры Бекажнова С.Е., Компьютерлік ғылымдар департаментінің қауымдастырылған профессоры Исмагулова Ж.С. және Жылжымалы құрам департаментінің қауымдастырылған профессоры Ивановцева Н.В. — форум жұмысына қатысып, ғылыми диалогты дамытуға, халықаралық кәсіби байланыстарды нығайтуға және білім беру мен көлік инженериясында озық цифрлық шешімдерді ілгерілетуге үлес қосты.
Олардың форумға қатысуы ғылыми кадрларды дамыту, жасанды интеллектіні енгізу және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту арқылы ТДМ 4 «Сапалы білім», ТДМ 9 «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» және ТДМ 17 «Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік» мақсаттарын іске асыруға ықпал етеді.
Автор: Аширбаев Г. К.


