Select Page

Құрметті әріптестер!

2025 жылға арналған постаккредиттеу мониторингі нәтижелері бойынша «Білім сапасын қамтамасыздандырудың тәуелсіз агенттігі» (IQAA) жүргізген бағалау қорытындысында «8D07158 Автоматтандыру және басқару» және «8D07160 Электроэнергетика» білім беру бағдарламалары жоғары бағаға ие болды.

IQAA кафедралардың және жалпы ALT ұжымының материалдық-техникалық базаны нығайту, компьютерлік жабдықтарды жаңғырту, қаржыландыру деңгейін арттыру және сапалы кітапхана-ақпараттық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бағытындағы табысты жұмысын атап өтті.

«8D07158 Автоматтандыру және басқару» және «8D07160 Электроэнергетика» білім беру бағдарламаларының басшылығын, профессорлық-оқытушылық құрамын және барлық білім алушыларын осы жоғары бағамен шын жүректен құттықтаймыз!

Білім сапасын арттыру жолындағы алдағы табыстарға, дамуға және жаңа жетістіктерге толы болуын тілейміз!

Skip to content
Приемная комиссия