2026 жылғы 15 мамырда М. Тынышпаев атындағы ALT Университеті базасында БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) аясында, психикалық денсаулықты сақтау, білім беру сапасын арттыру және білім алушылардың әл-ауқатын қамтамасыз ету бағытында
«Жастар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу: анықтау, сүйемелдеу және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың заманауи тәсілдері» тақырыбында лекция–семинар өткізілді.
Аталған іс-шара білім алушылар арасындағы аутодеструктивті және өзіне-өзі зиян келтіру мінез-құлқының алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар аясында Инклюзивті білім беру және менталдық денсаулық офисінің жетекшісі Шабденова Дария Рахималиевнаның ұйымдастыруымен өткізілді.
Лекция–семинарға университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, құрылымдық бөлім қызметкерлері, эдвайзерлер мен сүйемелдеу қызметтерінің мамандары қатысып, жалпы саны шамамен 200 адамды құрады.
Іс-шараның ашылуында корпоративтік және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Иванов Андрей Александрович құттықтау сөз сөйлеп, жастар арасындағы психологиялық дағдарыстық жағдайлардың алдын алу, оларды ерте анықтау және университеттегі психологиялық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Негізгі спикер ретінде психиатр-дәрігер, Психотерапия институтының директоры, кризистік психология, суицидология және психотерапия саласының маманы Скляр Сергей Владимирович сөз сөйледі.
Лекция барысында келесі мәселелер қарастырылды:
— жастар арасындағы суицидтік және аутодеструктивті мінез-құлықтың заманауи қауіп факторлары;
— эмоционалдық қолайсыздық пен дағдарыстық жағдайлардың ерте белгілері;
— суицидтік қауіптің психологиялық және мінез-құлықтық маркерлері;
— тәуекел тобы анықталған жағдайда ППҚ мен қызметкерлердің әрекет ету алгоритмдері;
— эмоционалдық күйзелістің алдын алу және психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру;
— психологиялық қызмет, әкімшілік, оқытушылар мен медициналық мамандар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл тетіктері.
Іс-шара қорытындысы бойынша профессорлық-оқытушылық құрам мен қызметкерлер білім алушылар арасындағы психологиялық қолайсыздық, дағдарыстық жағдайлар және суицидтік қауіп белгілерін ерте анықтау бойынша практикалық білім мен дағдылар алды, сондай-ақ студенттерді дер кезінде психологиялық және мамандандырылған көмекке бағыттау алгоритмдерін меңгерді.
Осындай психологиялық лекция–семинарларды өткізу университетте қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға, білім алушыларды психологиялық қолдау жүйесін нығайтуға және менталдық денсаулық мәдениетін дамытуға ықпал етеді.


