Select Page

2026 жылғы 27 қыркүйекте Жазғы мектеп аясында ALT университетінің профессор-оқытушылар құрамына арналған «Менталдық денсаулықты сақтау» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренингті жүргізгендер:

  • Мусина Сара Смановна — әлеуметтік ғылымдар магистрі, тұлғаны қалыптастыру департаментінің Менталдық денсаулық орталығының коуч-психологы, Қазақстан ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Қазақстанның үздік психологы – 2024» байқауының жеңімпазы;
  • Шабденова Дария Рахималиевна — педагогика ғылымдарының магистрі, ALT университетінің Инклюзивті білім беру және менталдық денсаулық кеңсесінің басшысы;
  • Қапар Нурхан Аманжолұлы — ALT университетінің Инклюзивті білім беру және менталдық денсаулық кеңсесінің психолог-кеңесшісі.

Тренинг барысында қатысушылардың белсенді қатысуымен өзін-өзі реттеу, эмоционалдық тепе-теңдікті сақтау, кәсіби күйзеліс пен эмоционалдық шаршаудың алдын алу бойынша интерактивті жаттығулар өткізілді.

Сонымен қатар интерактивті технологиялар, деструктивті мінез-құлықтың алдын алу, эмоцияларды басқару, қарым-қатынастардағы дағдарыстар және тиімді коммуникация ережелері қарастырылды.

Семинардың басты мақсаты — педагогтердің психологиялық ресурстарын нығайту, эмоционалдық тұрақтылығын арттыру және кәсіби қызметте менталдық денсаулықты сақтаудың тиімді құралдарын қалыптастыру.

Менталдық денсаулық — сапалы білім мен кәсіби дамудың маңызды негізі!

Skip to content
Приемная комиссия