Select Page

29 сәуір мен 11 мамыр аралығында «Мұхаметжан Тынышпаев атындағы ALT университеті» қабырғасында 2 курс студенттеріне арналған оқу практикасы өтті. Барлығы 816 студент практикаға жіберілді, оның ішінде «Көлік инженериясы» институтынан 345 студент, «Автоматтандыру және телекоммуникациялар» институтынан 328 студент, «Логистика және басқару» институтынан 143 студент. Оқу тәжірибесінің мақсаты – студенттердің бастапқы кәсіптік біліктіліктері мендағдыларын меңгеруі. Тәжірибе барысында студенттерге «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Алматы белгі беру және байланыс дистанциясына, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы – Алматы локомотив пайдалану депосына, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы – Алматы жүк тасымалдау бөлімшесіне,   «Транстелеком» АҚ филиалына (Алматы қ.), «Мега Моторс» ЖШС және «Мега Драйв» ЖШС және т.б. мекемелерге бойынша экскурсиялар ұйымдастырылды. «Көліктік логистика» және «Саладағы қызметтерді басқару» мамандықтарының студенттеріне «Көлікті басқару қызметтері», «Теміржол жолаушыларына қызмет көрсетудің жаңа мүмкіндіктері» тақырыптарында қонақтық дәрістер өткізілді. «Құрылыс инженериясы» кафедрасы студенттерге далалық жағдайда геодезиялық практиканы ұйымдастырды, онда студенттер топографиялық карталармен, теодолитпен және нивелирмен жұмыс жасауды үйренді. Сондай-ақ, тәжірибе барысында студенттер enbek.kz платформасында онлайн форматта «Microsoft Office бағдарламасымен жұмыс істеу» курсын өтіп, нәтижесінде оларға сертификаттар берілді. Оқу тәжірибесі аяқтанлған соң студенттер есептерін тапсырды.

Приемная комиссия