Select Page

Студенттердің психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аутодеструктивті және өзіне-өзі зиян келтіру мінез-құлқының алдын алу, сондай-ақ ТДМ-3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» мақсаттарын іске асыру аясында 2026 жылғы 18 мамырда ALT Университетінің Студенттер үйлерінде профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

№2 Студенттер үйінде 54 білім алушыға арналған дәріс–семинарды AQ JOL клиникалық психологі Маринец Рита Владимировна өткізді. Кездесу барысында жастар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, эмоционалдық күйзелістің белгілері, психологиялық тұрақтылық және уақытылы көмекке жүгіну мәселелері қарастырылды.

№4 Студенттер үйінде 50 білім алушыға арналған іс-шараны Инклюзивті білім беру және менталдық денсаулық офисінің жетекшісі Шабденова Дария Рахималиевна өткізді. Кездесу барысында эмоционалдық саулықты сақтау, дағдарыстық жағдайлардың алдын алу және психологиялық қолдау алу жолдары түсіндірілді.

Сонымен қатар профилактикалық жұмыстар аясында:
• шетелдік студенттерімен «Қарым-қатынастағы толеранттылық»;
• қақтығыстарды, стрессті және агрессияны басқару;
• өзара құрмет, қолдау және қауіпсіз коммуникация мәдениетін қалыптастыру мәселелері қамтылды.

Іс-шаралардың тұрақты ұйымдастырылуына қолдау көрсеткені үшін институт директорларының ТЖ жөніндегі орынбасарларына:
ИТС — Мусин Нурлан Геннадьевичке,
ИЭЦТ — Найман Даулетханға,
ИЛБ — Токтамысова Толқын Рафиковнаға, эдвайзерлерге
сондай-ақ Студенттер үйлерінің коменданттарына және қабат старосталарына алғыс білдіреміз.

Іс-шара барысында білім алушылар психологиялық денсаулықты сақтау, эмоционалдық қиындықтардың алғашқы белгілерін тану және университеттегі психологиялық көмек мүмкіндіктері туралы маңызды ақпарат алды.

Skip to content
Приемная комиссия