Анықтама
«М.Тынышпаев атындағы ALT Университеті» АҚ «Қазақстандағы атом электр станцияларының құрылысы: бейбіт атомның өзектілігі мен артықшылықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге шақырылған қонақтар, «Энергетика» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, студенттері, магистранттары және докторанттары қатысты. Шараға қатысқан спикерлер атом электр станциясын (АЭС) салу кезіндегі экологиялық қауіпсіздік мәселелерін жан-жақты талқылады. Қатысушылар атом электр станцияларының қоршаған ортаға әсері, ядролық қалдықтарды басқару, климаттық әсерлер, сондай-ақ қауіпсіздік шаралары мен маман туралы маңызды мәселелерді талқылады.
Шараның қорытынды бөлімінде спикерлер атом электр станциясының ел экономикасының дамуына үлкен әсер ететінін және көмірқышқылдың қоршаған ортаға әсерін азайтатынын атап өтті.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар қатысушыларды, әсіресе, жастарды 6 қазанда өтетін референдумға белсенді қатысуға шақырды.
БАҚ өкілдерінен шараға «Қазақстан» телерадиокомпаниясы» АҚ филиалы мен «Хабар» Агенттігі» АҚ қатысты.
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
2024 жылдың 24 қыркүйегінде «М.Тынышпаев атындағы ALT университеті» АҚ «Қазақстандағы атом электр станцияларының құрылысы: бейбіт атомның өзектілігі мен артықшылықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара Қазақстанда атом электр станциясын салу жобасына қатысты өзекті мәселелерді талқылауға бағытталған.
Дөңгелек үстелге университеттің шақырылған қонақтары, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты. Шара барысында атом электр станциясының (АЭС) құрылысы кезіндегі экологиялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды.
Шақырылған қонақ, «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС жетекші инженері Торғаев Әсет дөңгелек үстел тақырыбы бойынша мазмұнды баяндама жасады. Энергетика саласындағы ағымдағы жағдай және электр энергиясы көздерінің негізгі түрлері және олардан күтілетін қуат генерациясы, сондай-ақ Қазақстанда атом электр станциясын салу мүмкіндігі және оның энергия көздерінің басқа түрлерінен артықшылығы туралы ақпарат берілді. Атмосфераға парниктік газдардың шығарылуына қатысты мәселелер де қарастырылды.
Дөңгелек үстелге шақырылған сарапшы атом энергетикасын дамыту, оның тиімділігі мен экологиялық аспектілерін теңестіру маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ құрылыс пен пайдалану кезінде экологиялық талаптарды мүлтіксіз орындап, тұрғындардың сана-сезімін арттыру қажеттігін баса айтты.
Сондай-ақ қазіргі кездегі жай-күй, бейбіт атомдарды жаһандық ауқымда пайдалану мәселелері қамтылып, қазіргі уақытта бірінші кезекте атом электр станцияларының негізінде электр энергиясын өндіретін әлемдік державалардың жаңа дамыған технологиялары бар жұмыс істеп тұрған реакторлардың нақты сандары көрсетілді. Атом электр станциясының ұсынылып отырған орны, сондай-ақ АЭС құрылысы мен пайдалануды жүзеге асыратын компаниялар таныстырылды.
Қатысушылар атом электр станцияларының қоршаған ортаға әсері, климатқа әсер ететін ядролық қалдықтар және қауіпсіздік шаралары туралы маңызды мәселелерді талқылады. Сондай-ақ Қазақстанда атом энергиясын пайдалануды дамыту перспективалары талқыланып, халықаралық тәжірибеден мысалдар келтірілді. Атом энергетикасын дамытуды талап ететін электр энергиясының жаһандық тапшылығының артып келе жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ, қалалық мәслихаттың депутаты Бекбол Рамазан алдағы референдум кең ұлттық диалогтың тағы бір көрінісі және «тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудың жарқын үлгісі, жаңа қоғамдық-саяси мәдениетті қалыптастыру болатындығын айтты.
Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры Тұрлыбаев Ержан Ермекұлы уран өндірумен «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ айналысатынын хабарлады. Халықаралық классификация бойынша атом электр станциялары «Жасыл энергия» бөліміне кіреді, бұл олардың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын растайды. Қазіргі таңда Алматы облысында атом электр станциясын салу мәселесі қарастырылуда, нақты орны нақтылануда.
Атом электр станциясы еліміздің тұрақты экономикалық дамуы мен энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам болмақ. Біздің басты басымдылығымыз – экологиялық қауіпсіздік. Заманауи технологиялар мен халықаралық тәжірибе атом электр станцияларының қоршаған ортаға әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Экологиялық стандарттарды қатаң сақтау Қазақстанның табиғи ресурстарын қорғап, болашақ ұрпаққа таза және қауіпсіз орта қалдырады.
Сондай-ақ, дөңгелек үстелге қатысқан «Энергетика» кафедрасының докторанты Қали С.Б. белсенді қатысып, «Қазақстандағы атом электр стансаларының (АЭС) құрылысы: оң және теріс жақтары» тақырыбы бойынша сұрақтар қойып, пікір білдірді.
Дөңгелек үстелде т.ғ.д., «Энергетика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Еркеш Әбдірахманұлы Әбдірахманов сөз сөйлеп, атом электр стансасын салу қажеттігі туралы өз көзқарасын білдірді. Сонымен қатар дөңгелек үстелге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Сондай-ақ іс-шарада атом саласы үшін кадрларды дайындау мәселесі де көтерілді.
Дөңгелек үстелдің модераторы, «Энергетика» кафедрасының ассистент-профессоры Калиев Жаныбек Жанатулы республикадағы темір жолды электрлендірудің қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларына тоқталды. Электрлендіруді дамытудағы басты шектеу – электр энергиясының тапшылығы екенін атап кетті.
Дөңгелек үстелдің қорытынды бөлімінде спикерлер атом электр станциясының ел экономикасының дамуына үлкен ықпал ететінін, ауаға көмірқышқылдың шығарындыларын азайтып, қоршаған ортаға әсерін жақсартатынын атап өтті.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар қатысушыларды, әсіресе, жастарды 6 қазанда өтетін референдумға белсенді қатысуға шақырды.