Select Page

«Қоғамға қызмет» бағыты аясында «Энергетика және цифрлық технологиялар» институты «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының 1-курс студенттері әлеуметтік маңызы бар және кәсіби бағытталған маңызды бастамаларға белсенді түрде атсалысуда. Мұндай тәсіл болашақ инженерлерге тек техникалық дағдыларды меңгеріп қана қоймай, өз білімдерін қоғамдық және өндірістік өзекті мәселелерді шешуге қолдануға, сондай-ақ өңірдің инфрақұрылымы мен тұрақты дамуына нақты практикалық үлес қосуға мүмкіндік береді.

Осы бағыт аясында студенттер Алматы қаласындағы «Достық» саябағында ағаш отырғызу және көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысып, қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосты. Іс-шараның университет тарапынан жоғары деңгейде өтуіне кафедраның сениор-лекторы Әбуғазы Асылзат Шарапатқызы мен ассистент-оқытушы Карасаева Аружан Шинболатовна жетекшілік етті.

Аталған игі бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын, атап айтқанда ТДМ 13 — «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» және ТДМ 7 — «Қолжетімді әрі таза энергия» бағыттарын іске асыруға бағытталған. Студенттер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғи ресурстарға ұқыпты қарау және тұрақты қалалық ортаны дамыту мәселелері заманауи энергия үнемдеу мен экологиялық қауіпсіздік міндеттерімен тығыз байланысты.

Skip to content
Приемная комиссия