Select Page

2026 жылғы 26 мамырда ALT Университетінің коворкинг орталығында Инклюзивті білім беру және менталдық денсаулық офисінің жетекшісі Дария Рахималиевна Шабденова және «NurLab Medical Clinic» орталығының клиникалық психологы Дина Қабыкен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 3 — «Жақсы денсаулық және әл-ауқат») аясында кезекті психологиялық тренингтер мен сессиялар топтамасын өткізді. Ауқымды іс-шараларға университеттің әртүрлі мамандықтарында оқитын студенттер белсенді қатысты.

Арнайы әзірленген бағдарлама аясында келесі бағыттар бойынша жұмыстар ұйымдастырылды:

  • Емтихан сессиясына дайындық бойынша топтық кездесулер: «ALT Talks: емтихандағы сенімділік — бұл шынайы» спикерлік сессиясы;

  • Тұлғалық даму және эмоционалдық интеллект тренингтері: Конфликтілерді басқару, стрессті еңсеру және агрессияны бақылау тәсілдері;

  • Психологиялық алдын алу сессиясы: «Білім алушылар арасындағы аутодеструктивтік (суицидтік) мінез-құлықтың алдын алу: себептері мен алдын алу жолдары».

Кездесулер барысында студенттер өзін-өзі реттеудің практикалық дағдыларын меңгеріп, мазасыздық деңгейін төмендетуге арналған тиімді жаттығулармен танысты. Сонымен қатар, психологтар қатысушыларға күнделікті өмірдегі субъективті ойлар мен нақты фактілерді ажырату тәсілдерін үйретіп, эмоционалдық тұрақтылық пен өзара психологиялық қолдау көрсету дағдыларын қалыптастыруға көмектесті.

Осындай жүйелі іс-шаралар университет қабырғасында қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға, менталдық денсаулық мәдениетін тереңдетуге және жастардың психологиялық сауаттылығын арттыруға зор ықпал етеді.

Skip to content
Приемная комиссия