«Энергетика» кафедрасы

"Энергетика" кафедрасы меңгерушісі
Калиев Жаныбек Жанатулы, РФ т. ғ. к., PhD докторы, ALT қауымдастырылған профессоры
Байланыс мәліметтері: каб. № В410
тел. 10-43
e-mail: zh.kaliev@alt.edu.kz
Кафедра тарихы
Кафедраның тарихы 1987 жылдан басталады, АКИИ Ректорының бұйрығына сәйкес кафедра «Электрлік тарту» деп аталды, содан кейін «Электрмен жабдықтау» кафедрасын құру теміржол көлігінің электр энергиясын өндіру, беру, тарату және тұтыну кәсіпорындарына қызмет көрсететін мамандар қажеттілігіне байланысты болды. Осылайша, 1990 жылы ол екі кафедраға бөлінді: «Электровоздар және электр пойыздары» және «Теміржолдарды энергиямен жабдықтау» — кафедра меңгерушісі ретінде доценттер М.К. Шалабаев және В. А. Ан..
1996 жылы АКИИ және автомобиль жолдағы институтының базасында Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы құрылып, «Электрмен жабдықтау және электрлендіру» атты жаңа кафедра құрылды. Кафедра меңгерушісі лауазымына бұйрық бойынша А. Ю. Ершов тағайындалды. Кейіннен «Электрмен жабдықтау және электрлендіру» бірлескен кафедрасы құрылды, оны т. ғ. к., доцент Б. Р. Кангожин басқарды.
2004 жылдың маусым айында М. Тынышбаев атындағы ҚазККА Президент-ректорының бұйрығымен «Электрмен жабдықтау және электрлендіру» кафедрасы «Электрэнергетика» кафедрасы болып өзгертілді.
1996-2022 жылдар аралығында кафедра меңгерушілері:
1997-2002 жылдары т.ғ. д., профессор Кангожин Бекмұхамбет Рашидұлы.
2002-2003 жылдары т. ғ. д., профессор, Соколов Сергей Евгеньевич.
2003-2005 жылдары т. ғ. к., доцент Жармагамбетова Меруерт Советқызы,
2005-2008 жылдары т.ғ. д., профессор Қойшиев Темірхан Қосыбайұлы.
2008 жылдан 2014 жылға дейін т.ғ. к., доцент Меруерт Советқызы Жармағамбетова.
2014 жылдан 2019 жылға дейін т.ғ. к., доцент Егзекова Анара Тлюлесовна.
2019 ж. мамыр айынан 2021 ж. қыркүйекке дейін – РФ техника ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Калиев Жаныбек Жанатулы.
2021 ж. қыркүйектен 2022 ж. қыркүйекке дейін – техника ғылымдарының кандидаты, ALT қауымдастырылған профессоры Қалиева Қазима Жанбырбайқызы.
2022 ж. қыркүйектен 2025 ж. мамырға дейін – техника ғылымдарының кандидаты, ассистент профессор Егзекова Анар Тілеулесқызы.
2025 ж. қыркүйектен қазіргі уақытқа дейін – РФ техника ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, ALT қауымдастырылған профессоры Калиев Жаныбек Жанатулы.
Кафедраның соңғы атауы 2020-2021 оқу жылының басында болды, Академия кафедралары оңтайландырылуы мақсатында физика циклі «Электр энергетикасы» кафедрасына қосылып, «Энергетика»кафедрасы болып өзгертілді.
Әр уақытта кафедра құрамында темір жол көлігін электрмен жабдықтау саласындағы жетекші мамандар жұмыс істеді: т.ғ. д., профессорлар: Ибраев А. К., Тургамбаев Н. Р., т. ғ. к., Солянников А. М., Соколов С. Е., Койшиев Т. К., Кангожин Б. Р., доценттер Казанина И. В., Ефимова О. Н., Өтешқалиева Л.Ш., Калиева К. Ж., Еркелдесова Г. Т., оқытушылар Степанова Н. Г., Рахматуллина А. З., Галиев К. У., Михалкова Е. Г., Даутов С. С., Ахметаев Д. Д., Чириков Д. К., Сұлтанбаев У. У., Прозоров Г. Г., Нуршалова Д. Е., Килибаев И. К., Зимина Е. А., Аршабекова А. Т., Садыбекова Г. Г., Оралбекова А. О., Иманбаева А., Райымбекова Д., Отарбай И., Асқанбай Г., Жетпісбаева Г.
Кафедра ұжымының ғылыми және педагогикалық басымдықтарының даму тарихында келесі кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:
2008 жылы 050718 «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша магистратура бойынша білім беру қызметіне лицензия алынды және 2009 жылы бакалавриат түлектері болып табылатын 6 магистранттарды алғашқы қабылдау жүзеге асырылды. 2009 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 60-тан астам магистрант бітірді.
2010 жылы кафедра «Электр энергетикасы»мамандығы бойынша докторантураға лицензия алды.
2022 жылы 6В07188 «IT — энергетика» және 6В07189 «Қалалық электр көлігі»жаңа білім беру бағдарламалары бойынша қабылдау жүзеге асырылды.
ЛКА жанында докторлық диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңес жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Ресейдің теміржол көлігінің Ресейлік оқу орындарымен тығыз ынтымақтастықтың арқасында кафедраның жас мамандары әр жылдары аспирантураға Мәскеу мемлекеттік қатынас жолдары университеті (МИИТ) жіберілді.
Оның ішінде: Д. Г. Инсепов, А. А. Жұматова, Шабданов Д. Т., Калиев Ж.Ж. қорытындысы бойынша 2010 жылы Жұматова А. А., 2011 жылы Калиев Ж. Ж. кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, РФ техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.
2016 жылы кафедраның жас оқытушылары С.М. Утепбергенова, А. Ж. Еркебаев Омбы мемлекеттік қатынас жолдары университетінің (ОмГУПС) «Темір жолдардың жылжымалы құрамы, поездардың тартылуы және электрлендіру» мамандығы бойынша 23.06.01 бағыты бойынша күндізгі оқу аспирантурасына қабылданды. Аспирантураны сәтті бітіргеннен кейін С. М. Утепбергеноваға «Зерттеуші. Оқытушы-зерттеуші» біліктілігі тағайындалды.
2020 жылдың 22 желтоқсанында Ресей федерациясының техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «ауыр салмақ жағдайында ұзақ жұмыс режимінде электровоздарды пайдалану тиімділігін арттыру» тақырыбында диссертациясын сәтті қорғады.
Қазіргі уақытта кафедраның ПОҚ кафедра қызметінің негізгі ғылыми бағыттары бойынша ҒЗЖ және шаруашылық келісімшарттық жұмыстарды орындай отырып, жұмысын жалғастыруда. Сонымен қатар, жыл сайын халықаралық журналдарда, конференция жинақтарында ғылыми мақалалар жарияланады, уақтылы біліктілікті арттырудан өтеді.
Кафедра өндіріспен тығыз байланыста жұмыс істейді, Сондықтан «ҚТЖ «ҰК» АҚ Алматы электрмен жабдықтау дистанциясы негізінде кафедра филиалы жұмыс істейді. Кафедра филиалында 3,4 курс білім алушылары үшін бейіндік пәндер бойынша дуальды білім беру элементтері іске асырылуда. 1, 2 курс білім алушылары таныстыру экскурсияларынан өтеді.
Профессор-оқытушылар құрамы

Калиев Жаныбек Жанатулы
ALT қауымдастырылған профессоры
PhD докторы

Кангожин Бекмухамбет Рашитович
Профессор
Техника ғылымдарының докторы

Абдрахманов Еркеш Абдрахманович
Қауымдастырылған профессор
тех.ғылым.докторы, доцент, профессор АУЭС

Егзекова Анара Тлюлесовна
Ассистент-профессор
к.т.н.

Сапаков Аскар Заманбекович
ALT қауымдастырылған профессоры
техника ғалымдарының кандидаты

Утепбергенова Сандугаш Мырзабековна
ALT қауымдастырылған профессоры
РФ т.ғ.к

Койшибаева Куланда Жумахановна
Сениор-лектор
техника ғылымдарының магистрі

Сакитжанов Мархабат Шахмаранович
Сениор-лектор
техника және технологиялар магистрі

Cмагулова Гулдана Кашкинбаевна
Сениор-лектор
ядролық физика магистрі

Есенгабылова Нургалипа Жансеркеновна
Сениор-лектор
Жаратылыстану ғылымдарының магистрі

Карасаева Әсел Рахметуллақызы
Сениор-лектор
техника ғылымдарының магистрі

Калимбетов Галим Примжанович
Сениор-лектор
техника ғылымдарының магистрі

Серікқалиев Жұмажан Саинұлы
Сениор-лектор
техника ғылымдарының магистрі

Аманбек Думан Шаймұратұлы
Сениор-лектор
Техника және технология магистрі

Амангалиев Ерлан Зингалеевич
Сениор-лектор
Техника және технология магистрі

Оразбаев Казбек Найманказиевич
Сениор-лектор
техника ғылымдарының магистрі

Уалиева Жансулу Талгатовна
Ассистент оқытушы
техника ғылымдарының магистрі

Сеитбек Ерлан Ержанұлы
Ассистент-оқытушы
техника ғылымдарының магистрі

Мырзабаева Нұргүл Жеткергенқызы
Тәлімгер- оқытушы
Бакалавр

Әбдінәби Асылжан Мұратұлы
Тәлімгер- оқытушы
Бакалавр
Кафедра байланыстары
Кафедра: Энергетика
Мекен жайы: Шевченко көшесі, 97, Масанчи көше бұрышы, каб. № В410
Телефон: 10-43
Білім беру бағдарламалары
Бакалавриат
Магистратура
Докторантура PhD
Оқу ғылыми зертханалары
Аудитория нөмірі |
Аудитория атауы |
О401 |
«Электр энергетикасындағы өтпелі үрдістер» зертханасы |
О402 |
«Жаңартылатын энергия көздері және энергия үнемдеу» зертханасы |
О403 |
«Электротехникалық материалтану» зертханасы |
O404 |
«Электрлік шамаларды өлшеу» зертханасы |
O405 |
«Электротехника және электроника негіздері» зертханасы» |
О406 |
«Энергияны үнемдеу және білімді тарату» оқу орталығы |
О407 |
«Түйіспелі торап және электр беріліс желілері» зертханасы |
O408 |
«Релелік қорғаныс және автоматика» зертханасы |
O410 |
«Электротехниканың теориялық негіздері» зертханасы |
В203 |
«Жаңартылатын энергия көздері және энергия үнемдеу» зертханасы |
В204 |
«Ақылды үй» зертханасы |
«ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ БІЛІМДІ ТАРАТУ» ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес (15.01.2019 ж. өзгерістер мен толықтырулармен), энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу сараптамасын жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша қызметтер көрсету, сондай-ақ «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР 13.01.2012 ж. Заңының нормаларын орындау мақсатында «Энергия үнемдеу және білім тарату» Оқу орталығы (ЭБТОО) құрылды. Оқу Орталығы өз қызметін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №388 бұйрығы негізінде жүзеге асырады.
Оқу орталығы Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен аккредиттелген. Оқыту Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 404 бұйрығымен бекітілген Үлгілік бағдарламаларға қатаң сәйкес жүргізіледі.
ЭБТОО қызметі Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ЭБТОО мақсаты энергия үнемдеу, энергетикалық тиімділікті арттыру және кәсіпорындар мен ұйымдарды энергетикалық зерттеу саласында мамандардың біліктілігін арттыру/қайта даярлау болып табылады.
Энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру саласындағы ЭБТОО-ның негізгі міндеттері: оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік және ақпараттық-анықтамалық материалдарды әзірлеу, конференцияларды, семинарларды, ағартушылық қызметті ұйымдастыруға және өткізуге қатысу болып табылады.
Энергетикалық аудит — бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің отын-энергетикалық ресурстарды (ОЭР) пайдалануын төмендетуге бағытталған қызмет түрі, ол энергия-технологиялық және техникалық-экономикалық сараптама жүргізуден, ОЭР есебін жүргізуден, сондай-ақ энергия үнемдеу іс-шараларын әзірлеуден және негіздеуден тұрады.
Энергия аудитінің негізгі мақсаттары — темір жол көлігі кәсіпорындарының энергетикалық ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау және тұтынушылардың энергиямен қамтамасыз етуге арналған шығындарын азайту, өндірістің энергия сыйымдылығын төмендету, табиғи жаңартылатын ресурстарды сақтау, адамға және экологиялық қауіпке теріс әсерлердің алдын алу.
Қазақстанда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шаруашылықтың барлық салаларында қазіргі уақытта басым міндет болып табылады.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Стратегия – 2050 іске асыру бойынша міндеттер қойды және ол энергетикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша бірқатар шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.
Стратегия – 2050 және басқа да стратегиялық бағдарламалық құжаттар өршіл мақсаттар қояды:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы №1404 қаулысымен «ҚР энергия тиімділігін арттырудың 2012-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспары» бекітілді. Бұл заңдар, НҚА және нормативтер арқылы ынталандыру шараларының өзіндік кешені.
Соңғы маңызды фактор ҚР Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығы — ҚР-ның «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасы болып табылады.
Тұжырымдаманың 4-тарауында «жасыл экономикаға» көшу үшін кадрлық қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Тұжырымдаманы ойдағыдай іске асыру үшін тиісті оқытудан өткен инженерлік-техникалық және басқарушы персоналды даярлауды қоса алғанда, кадр ресурстарының, Дағдылар мен білімнің жеткіліктілігін қамтамасыз ету қажет.
Жоғарыда айтылғандай, энергия үнемдеу туралы Заңға сәйкес оқу орталығы ашылды, онда ол келесі бағыттар бойынша білім беру қызметтерін ұсынады.
- Энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу сараптамасын жүзеге асыратын кадрлардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ энергия менеджменті жүйесін құру, енгізу және ұйымдастыру. Сағат саны – 120. Ұзақтығы — 1 ай.
- Энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу сараптамасын жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау, сондай-ақ энергия менеджменті жүйесін құру, енгізу және ұйымдастыру. Сағат саны – 250. Ұзақтығы-1,5 ай.
Сонымен қатар, оқу орталығының базасында бағыт бойынша біліктілікті арттыру курстары жүргізілуде:
— «Энергоаудит»,
— «Энергетикалық сараптама»,
— «Энергоменеджмент»,
— «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың өзекті мәселелері»,
— «Кәсіпорындарда энергия тиімділігі мен ресурс үнемдеуді арттыру».
Өндірісте оқу процесін ұйымдастыру
6В07121-«Электр энергетикасы»білім беру бағдарламасының бейіндік пәндері бойынша білім алушылардың теориялық және практикалық дағдыларын нығайту үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Алматы электрмен жабдықтау дистанциясы»филиалыныңкәсіпорнының базасында «Энергетика» кафедрасының филиалы құрылды және қазіргі таңда жұмыс істейді.Осы филиалдың базасында нақты өндірістік жағдайларда практикалық сабақтар, сондай-ақ кіші курс студенттері үшін таныстыру экскурсиялары өткізіледі.
1) Кафедра филиалдары ашылған ұйымдардың тізімі
Алматы электрмен жабдықтау дистанциясы 20 жылдан астам уақыт бойы тығыз ынтымақтастық қарым-қатынаста және оқу үдерісін ұйымдастыруға атсалысып келеді. Білім алушылартартылым қосалқы станцияларда (ТҚС), түйіспелі торап аудандарында (ТТА), электрмен жабдықтау аймақтарында (ЭЖА) және жөндеу-тексеру телімінде (ЖТТ) өндірістік және диплом алды практикадан өтуге мүмкіндігі бар.
2) Семестр бойынша дуальды оқытуға шығарылған пәндер тізімі
Дуальды білім беру элементтерін енгізу мақсатында Алматы электрмен жабдықтау дистанциясы базасында 2023-2024 оқу жылында келесі бейінді пәндер бойынша практикалық сабақтар өткізіледі:
№ |
Пәннің атауы |
Өткізу кезеңі |
Курс |
Өткізу орны |
|
1 |
Тартылым және трансформаторлық қосалқы станциялары |
1 семестр |
10-14 апта |
4 |
ҚТЖ» ҰК» АҚ «Алматы электрмен жабдықтау дистанциясы» филиалы, (ТП) «Медеу» тартылым қосалқы станциясы |
2 |
Түйіспелі тораптар және әуе электр беріліс желілері |
1 семестр |
10-14 апта |
3 |
ҚТЖ» ҰК» АҚ «Алматы электрмен жабдықтау дистанциясы» филиалы, ЭЧК (түйіспелі торап ауданы) |
3 |
Электрлендірілген жолдарды электрмен жабдықтау
|
2 семестр |
10-14 апта |
3 |
ҚТЖ» ҰК» АҚ «Алматы электрмен жабдықтау дистанциясы» филиалы, ЭЧК (түйіспелі торап ауданы) |
4 |
Электротехническое материаловедение |
2 семестр |
10-14 апта |
3 |
ҚТЖ» ҰК» АҚ «Алматы электрмен жабдықтау дистанциясы» филиалы, РРУ (жөндеук-тексеру телімі) |
3) Дуальды оқыту сабақтарын жүргізетін өндірістегі оқытушылар тізімі
Осы бейінді пәндер бойынша практикалық сабақтарды өндірістен келесі мамандар жүргізеді:
- Мамырбеков Н.М.,Алматы электрмен жабдықтау дистанциясының бастығы;
- Жансеитов Т.К.,Алматы электрмен жабдықтау дистанциясының еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженері;
- Алимов М.Т., Алматы электрмен жабдықтау дистанциясының түйіспелі торап ауданының(ТТА) бастығы;
- Кайроллин А.Т., Алматы электрмен жабдықтау дистанциясының тартылым қосалқы станциясының (ТҚС) бастығы.
4) Топ-менеджерлер тізімі
ҚТЖ» ҰК» АҚ Алматы электрмен жабдықтау дистанциясының, «Алатау Жарық компаниясы» АҚ және энергетикалық бағыттағы басқа да кәсіпорындардың топ-менеджерлері,жетекші мамандары біздің білім алушыларға қонақтық және көшбасшылық дәрістер оқиды, сондай-ақ дипломдық жұмыстардың жетекшілері мен пікір беруші срапшылары ретінде тартылады.
Кестеде 2023-2024 оқу жылында қонақтық және көшбасшылық дәрістерге қатысатын Топ-менеджерлер келтірілген.
№ |
Күні |
Дәріс тақырыбы |
Дәріскердің аты-жөні |
Ұйым аты,атқаратын қызметі |
I – С Е М Е С Т Р |
||||
1 |
Қараша 2023
|
Ұлттық экономиканы дамытудағы энергетиканың рөлі
|
Сулейменова Дурия Толеугалымовна |
«Алатау Жарык Компаниясы» АҚ,сметалық бөлім бастығы |
2 |
Желтоқсан 2023
|
Теміржолшы мамандығының беделі |
Ахметбеков Рысбек Касымбекович |
«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ филиалының Электрлендіру және энергетика департаменті — «Магистральды желі Дирекциясы», директоры |
3 |
Желтоқсан2023
|
Энергоменеджмент және энергия тиімділігі(возможна корректировка темы) |
Джанатаев Данат Джанатаевич |
АГПРОН ҚР «Парасат», төрағасы |
4 |
Желтоқсан2023
|
Күштік трансформаторларды сынақтау |
Ахметов Бауыржан Абдрахманович |
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Алматы электрмен жабдықтау дистанциясының филиалы (ЭЧ-19), бас инженер |
II – С Е М Е С Т Р |
||||
1 |
Ақпан, 2024
|
Электрлендірілген жолдардағы түйіспелі торап жұмысын жақсарту мәселелері |
БейсембаевЕрнур
|
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Астана электрмен жабдықтау дистанциясы(ЭЧ-8) |
2 |
Наурыз 2024
|
«ҚТЖ» ҰК» АҚ электрмен жабдықтау шаруашылығын дамыту (возможна корректировка темы) |
Алиев Мурат Жусупович |
«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ филиалының Электрлендіру және энергетика департаменті — «Магистральды желі Дирекциясы»,өндіріс және технологиялар бойынша функционалды бағыттың бас менеджері |
5) Практика өту базалары
Оқу курсын аяқтағаннан кейін өндірісте міндетті түрде практикадан өту қарастырылады. Практика теориялық курсты оқу барысында алған білімдерін бекіте отырып, оқытудың жалпы тұжырымдамасына сәйкес келедіжәне білім беру бағдарламасының болашақ маманының алдағы жұмыс жағдайларына еш қиындықсыз (ауыртпалықсыз) бейімделуіне ықпал етеді.
Кестеде «Энергетика» кафедрасы бойынша практика базалары келтірілген.
№ |
Ұйым атауы |
1 |
«KEGOC» АҚфилиалы,«АлматыЖАЭТ», Алматы қ. |
2 |
СайманКорпорациясы,Алматық. |
3 |
«Проект ЭнС»ЖШС, Алматы қ. |
4 |
“ABM-Building 2007” ЖШС, Алматы қ. |
5 |
«Алатау Жарык Компаниясы», Өтеген батырАЭТ, Өтеген батыр ауылы |
6 |
«ЭлМехСервис» ЖШС, Алматы қ. |
7 |
«Geo Projects Stroy»ЖШС, Алматық. |
8 |
«Казахтелеком» АҚ,Алматық. |
9 |
Аврора холдинг, Алматық. |
10 |
“ZHERSU” ЖШС, Алматы қ. |
11 |
«КТЖ» ҰК» АҚ филиалы Шелекэлектрмен жабдықтаудистанциясы, Алматы облысы |
12 |
«Зи-Дан» ЖШС, Алматық. |
13 |
«КТЖ» ҰК» АҚфилиалыАстанаэлектрмен жабдықтау дистанциясы, Астана қ. |
14 |
«АРЭК» АҚ, Астана қ. |
15 |
«Digital PROgress» ЖШС, Астана қ. |
16 |
Bazis-A Construction ЖШС «Строй Групп Инжиниринг «, Астана қ. |
17 |
«Казахтелеком» АҚ, Жезказганқ. |
18 |
«КТЖ» ҰК» АҚ филиалыСары-Шаған электрмен жабдықтау дистанциясы,Сарышаған ауылы |
19 |
«Вагонсервис» АҚ Ақтөбе филиалы (ЛВЧДР-5), Ақтөбе қ. |
20 |
«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. KPI.» ЖШС, Атырауқ. |
21 |
«Энергопоток»ЖШС, Шымкентқ. |
22 |
«АИС Кернеу»ЖШС, Алматы қ. |
23 |
«Казтелерадио» АҚ филиалы,«Радио Телевещания Алматы Облыстық Дирекциясы», Алматы қ. |
24 |
«Талдықорған көлік-электр желісі компаниясы»АҚ, Талдықорған қ. |
25 |
Алакөл АЭТ, «ТАТЭК» АҚ, Үшаралқ. |
26 |
Желаев нан өнімдері комбинаты, Орал қ. |
27 |
«Батыс Қазақстан электр тарату желісі компаниясы» ЖШС, Орал қ. |
28 |
«КТЖ» ҰК» АҚ филиалыҚазалы электрмен жабдықтау дистанциясы, Қазалық. |
29 |
«Шиелі Жарығы» ЖШС, Жалағашауылы |
30 |
«Ard Pro» ЖШС, Алматы қ. |
31 |
«Жаннур-Cервис и К» ЖШС, Астана қ. |
32 |
«Авалон групп плюс» ЖШС, Атырау қ. |