Select Page

Энергетика кафедрасы

Калиев Жаныбек Жанатулы

Энергетика кафедрасының меңгерушісі

Калимбетов Галим Примжанович

Байланыс мәліметтері: каб. № В410
e-mail: g.kalimbetov@alt.edu.kz

Кафедра тарихы

Кафедра тарихы 1987 жылдан бастау алады. Алматы теміржол көлігі инженерлері институты (АлИИТ) Ректорының бұйрығына сәйкес, кафедра алғашқыда «Электрлік тарту» деп аталды. Кейіннен теміржол көлігінің электр энергиясын өндіру, беру, бөлу және тұтыну кәсіпорындарына қызмет көрсететін мамандарға деген қажеттілігі «Электрмен жабдықтау» кафедрасының құрылуына негіз болды. Осылайша, 1990 жылы ол екі дербес кафедраға бөлінді: доцент М.Қ. Шалабаев жетекшілік еткен «Электровоз және электропойыздар» кафедрасы және доцент В.А. Ан басқарған «Теміржолдарды энергиямен жабдықтау» кафедрасы.

1996 жылы АлИИТ пен Автожол институтының базасында Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы (ҚазККА) құрылып, жаңадан «Электрмен жабдықтау және электрлендіру» кафедрасы ұйымдастырылды. Бұйрық бойынша кафедра меңгерушісі қызметіне А.Ю. Ершов тағайындалды. Кейіннен бұл құрылым біріктірілген «Электрмен жабдықтау және электрлендіру» кафедрасына айналып, оны т.ғ.к., доцент Б.Р. Кангожин басқарды.

2004 жылдың маусымында М. Тынышпаев атындағы ҚазККА Президент-Ректорының бұйрығымен «Электрмен жабдықтау и электрлендіру» кафедрасы «Электроэнергетика» кафедрасы болып қайта аталды.

1996 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедраны басқарған меңгерушілер:

  • 1997–2002 жж. – т.ғ.д., профессор Бекмұхамбет Рашидұлы Кангожин;

  • 2002–2003 жж. – т.ғ.д., профессор Сергей Евгеньевич Соколов;

  • 2003–2005 жж. – т.ғ.к., доцент Меруерт Советқызы Жармағамбетова;

  • 2005–2008 жж. – т.ғ.д., профессор Темірхан Қосыбайұлы Қойшиев;

  • 2008–2014 жж. – т.ғ.к., доцент Меруерт Советқызы Жармағамбетова;

  • 2014–2019 жж. – т.ғ.к., доцент Анара Тілеулесқызы Егзекова;

  • 2019 жылдың мамыры – 2021 жылдың қыркүйегі – РФ т.ғ.к., PhD докторы, ассоциацияланған профессор Жаныбек Жанұлы Қалиев;

  • 2021 жылдың қыркүйегі – 2022 жылдың қыркүйегі – т.ғ.к., ALT ассоциацияланған профессоры Казима Жаңбырбайқызы Қалиева;

  • 2022 жылдың қыркүйегі – 2025 жылдың мамыры – т.ғ.к., ассистент-профессор Анара Тілеулесқызы Егзекова;

  • 2025 жылдың қыркүйегі – 2026 жылдың наурызы – РФ т.ғ.к., PhD докторы, ALT ассоциацияланған профессоры Жаныбек Жанұлы Қалиев;

  • 2026 жылдың ақпанынан бастап қазіргі уақытқа дейін – т.ғ.магистрі, сениор-лектор Ғалым Прімжанұлы Кәлімбетов.

Кафедра атауының соңғы өзгерісі 2020-2021 оқу жылының басында Академия кафедраларын оңтайландыру жұмыстары аясында өтті. Физика циклі «Электроэнергетика» кафедрасына қосылып, құрылым атауы «Энергетика» кафедрасы болып өзгертілді.

Әр жылдары кафедра құрамында теміржол көлігін электрмен жабдықтау саласының жетекші мамандары қызмет етті. Олардың қатарында т.ғ.д., профессорлар: А.Қ. Ибраев, Н.Р. Тұрғамбаев; т.ғ.к.: А.М. Солянников, С.Е. Соколов, Т.Қ. Қойшиев, Б.Р. Кангожин; доценттер: И.В. Казанина, О.Н. Ефимова, Л.Ш. Өтешқалиева, К.Ж. Қалиева, Г.Т. Еркелдесова; оқытушылар: Н.Г. Степанова, А.З. Рахматуллина, К.У. Галиев, Е.Г. Михалкова, С.С. Даутов, Д.Д. Ахметтаев, Д.Қ. Чириков, У.У. Сұлтанбаев, Г.Г. Прозоров, Д.Е. Нұршалова, И.Қ. Килибаев, Е.А. Зимина, А.Т. Аршабекова, Г.Г. Садыбекова, А.О. Оралбекова, А. Иманбаева, Д. Райымбекова, И. Отарбай, Г. Асқанбай, Г. Жетпісбаева бар.

Ұжымның ғылыми және педагогикалық басымдықтарының даму тарихында келесі кезеңдерді ерекше атап өтуге болады:

  • 2008 жылы 050718 – «Электроэнергетика» мамандығы бойынша магистратура бағдарламасын жүргізуге лицензия алынды. 2009 жылы бакалавриат түлектері қатарынан алғашқы 6 магистрант оқуға қабылданды. 2009 жылдан қазіргі уақытқа дейін магистратураны 74-тен астам адам сәтті тәмамдады.

  • 2010 жылы кафедра «Электроэнергетика» мамандығы бойынша докторантура (PhD) бағдарламасына лицензия алды.

  • 2022 жылы жаңа 6B07188 – «IT-энергетика» білім беру бағдарламасы бойынша алғашқы студенттер қабылданды.

  • ALT базасында докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес тұрақты жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Ресейдің теміржол көлігі бағытындағы жетекші оқу орындарымен тығыз ынтымақтастықтың арқасында кафедраның жас мамандары әр жылдары аспирантураға оқуға жіберілді. Мәскеу мемлекеттік қатынас жолдары университетіне (МИИТ) оқытушылар Д.Г. Инсепов, А.А. Жұматова, Д.Т. Шабданов, Ж.Ж. Қалиев жолдама алды. Оның қорытындысы бойынша 2010 жылы А.А. Жұматова, ал 2011 жылы Ж.Ж. Қалиев кандидаттық диссертацияларын сәтті қорғап, РФ техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.

2016 жылы кафедра оқытушысы С.М. Өтепбергенова Омбы мемлекеттік қатынас жолдары университетінің (ОмГУПС) 23.06.01 – Жерүсті көлігінің техникасы мен технологиялары бағытындағы «Теміржолдардың жылжымалы құрамы, пойыздардың тартым күші және электрлендіру» мамандығы бойынша күндізгі аспирантура бөліміне оқуға түсті. Аспирантураны бітіргеннен кейін С.М. Өтепбергеноваға «Зерттеуші. Оқытушы-зерттеуші» біліктілігі берілді. 2020 жылғы 22 желтоқсанда ол «Ауыр салмақты қозғалыс жағдайында ұзақ жұмыс режимі кезінде электровоздарды пайдалану тиімділігін арттыру» тақырыбында диссертациясын сәтті қорғап, РФ техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін иеленді.

Бүгінгі таңда кафедраның профессор-оқытушылар құрамы негізгі ғылыми бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын (ҒЗЖ) және шаруашылық шарттық жобаларды белсенді орындап келеді. Сонымен қатар, олар жыл сайын халықаралық журналдар мен конференция жинақтарында ғылыми мақалалар жариялап, біліктілікті арттыру курстарынан уақтылы өтіп тұрады.

Кафедра энергетика саласының кәсіпорындарымен тығыз байланыс орнатқан. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Алматы электрмен жабдықтау дистанциясы мен «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ базасында кафедра филиалдары жұмыс істейді. Серіктестік аясында 3-4 курс студенттері үшін бейіндік пәндер бойынша дуальді оқыту элементтері енгізіліп жатыр, ал 1-2 курс студенттері үшін өндірістік нысандарға танымдық экскурсиялар ұйымдастырылады.

2024 жылы 6B07188 – «IT-Энергетика» білім беру бағдарламасы, ал 2026 жылы 6B07121 – «Электроэнергетика» білім беру бағдарламасы бағдарламалық аккредиттеуден сәтті өтті.

Ғылыми-зерттеу қызметін дамыту және профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру шеңберінде ассоциацияланған профессор С.М. Өтепбергенова, ассоциацияланған профессор А.Т. Егзекова және сениор-лектор М.Ш. Сакитжанов «Болашақ» халықаралық стипендиясының «500 ғалым» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.

Профессор-оқытушылар құрамы

Калимбетов Галим Примжанович

Калимбетов Галим Примжанович

Сениор-лектор

Техника ғылымдарының магистрі

Кангожин Бекмухамбет Рашитович

Кангожин Бекмухамбет Рашитович

Профессор

Техника ғылымдарының докторы

Абдрахманов Еркеш Абдрахманович

Абдрахманов Еркеш Абдрахманович

Қауымдастырылған профессор

Техника ғылымдарының докторы

Егзекова Анара Тлюлесовна

Егзекова Анара Тлюлесовна

ALT қауымдастырылған профессоры

Техника ғалымдарының кандидаты

Калиев Жаныбек Жанатулы

Калиев Жаныбек Жанатулы

ALT қауымдастырылған профессоры

PhD

Сапаков Аскар Заманбекович

Сапаков Аскар Заманбекович

ALT қауымдастырылған профессоры

Техника ғалымдарының кандидаты

Утепбергенова Сандугаш Мырзабековна

Утепбергенова Сандугаш Мырзабековна

ALT қауымдастырылған профессоры

РФ техника ғалымдарының кандидаты

Койшибаева Куланда Жумахановна

Койшибаева Куланда Жумахановна

Сениор-лектор

Техника ғылымдарының магистрі

Сакитжанов Мархабат Шахмаранович

Сакитжанов Мархабат Шахмаранович

Сениор-лектор

Техника және технологиялар магистрі

Есенгабылова Нургалипа Жансеркеновна

Есенгабылова Нургалипа Жансеркеновна

Сениор-лектор

Жаратылыстану ғылымдарының магистрі

Серікқалиев Жұмажан Саинұлы

Серікқалиев Жұмажан Саинұлы

Сениор-лектор

Техника ғылымдарының магистрі

Карасаева Әсел Рахметуллақызы

Карасаева Әсел Рахметуллақызы

Сениор-лектор

Техника ғылымдарының магистрі

Оразбаев Казбек Найманказиевич

Оразбаев Казбек Найманказиевич

Сениор-лектор

Техника ғылымдарының магистрі

Аманбек Думан Шаймұратұлы

Аманбек Думан Шаймұратұлы

Сениор-лектор

Техника және технология магистрі

Амангалиев Ерлан Зингалеевич

Амангалиев Ерлан Зингалеевич

Сениор-лектор

Техника және технология магистрі

Уалиева Жансулу Талгатовна

Уалиева Жансулу Талгатовна

Ассистент-оқытушы

Техника ғылымдарының магистрі

Сеитбек Ерлан Ержанұлы

Сеитбек Ерлан Ержанұлы

Ассистент-оқытушы

Техника ғылымдарының магистрі

Мырзабаева Нұргүл Жеткергенқызы

Мырзабаева Нұргүл Жеткергенқызы

Тәлімгер- оқытушы

Бакалавр

Әбдінәби Асылжан Мұратұлы

Әбдінәби Асылжан Мұратұлы

Тәлімгер- оқытушы

Бакалавр

Кафедра байланыстары

Кафедра: Энергетика

Мекен жайы: Шевченко көшесі, 97, Масанчи көше бұрышы, каб. № В410

Оқу ғылыми зертханалары

«ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ БІЛІМДІ ТАРАТУ» ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес (15.01.2019 ж. өзгерістер мен толықтырулармен), энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу сараптамасын жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша қызметтер көрсету, сондай-ақ «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР 13.01.2012 ж. Заңының нормаларын орындау мақсатында «Энергия үнемдеу және білім тарату» Оқу орталығы (ЭБТОО) құрылды. Оқу Орталығы өз қызметін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №388 бұйрығы негізінде жүзеге асырады.

Оқу орталығы Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен аккредиттелген. Оқыту Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 404 бұйрығымен бекітілген Үлгілік бағдарламаларға қатаң сәйкес жүргізіледі.

ЭБТОО қызметі Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

ЭБТОО мақсаты энергия үнемдеу, энергетикалық тиімділікті арттыру және кәсіпорындар мен ұйымдарды энергетикалық зерттеу саласында мамандардың біліктілігін арттыру/қайта даярлау болып табылады.

Энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру саласындағы ЭБТОО-ның негізгі міндеттері: оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік және ақпараттық-анықтамалық материалдарды әзірлеу, конференцияларды, семинарларды, ағартушылық қызметті ұйымдастыруға және өткізуге қатысу болып табылады.

Энергетикалық аудит — бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің отын-энергетикалық ресурстарды (ОЭР) пайдалануын төмендетуге бағытталған қызмет түрі, ол энергия-технологиялық және техникалық-экономикалық сараптама жүргізуден, ОЭР есебін жүргізуден, сондай-ақ энергия үнемдеу іс-шараларын әзірлеуден және негіздеуден тұрады.

Энергия аудитінің негізгі мақсаттары — темір жол көлігі кәсіпорындарының энергетикалық ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау және тұтынушылардың энергиямен қамтамасыз етуге арналған шығындарын азайту, өндірістің энергия сыйымдылығын төмендету, табиғи жаңартылатын ресурстарды сақтау, адамға және экологиялық қауіпке теріс әсерлердің алдын алу.

Қазақстанда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шаруашылықтың барлық салаларында қазіргі уақытта басым міндет болып табылады.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Стратегия – 2050 іске асыру бойынша міндеттер қойды және ол энергетикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша бірқатар шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

Стратегия – 2050 және басқа да стратегиялық бағдарламалық құжаттар өршіл мақсаттар қояды:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы №1404 қаулысымен «ҚР энергия тиімділігін арттырудың 2012-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспары» бекітілді. Бұл заңдар, НҚА және нормативтер арқылы ынталандыру шараларының өзіндік кешені.

Соңғы маңызды фактор ҚР Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығы — ҚР-ның «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасы болып табылады.

Тұжырымдаманың 4-тарауында «жасыл экономикаға» көшу үшін кадрлық қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Тұжырымдаманы ойдағыдай іске асыру үшін тиісті оқытудан өткен инженерлік-техникалық және басқарушы персоналды даярлауды қоса алғанда, кадр ресурстарының, Дағдылар мен білімнің жеткіліктілігін қамтамасыз ету қажет.

Жоғарыда айтылғандай, энергия үнемдеу туралы Заңға сәйкес оқу орталығы ашылды, онда ол келесі бағыттар бойынша білім беру қызметтерін ұсынады.

  1. Энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу сараптамасын жүзеге асыратын кадрлардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ энергия менеджменті жүйесін құру, енгізу және ұйымдастыру. Сағат саны – 120. Ұзақтығы — 1 ай.
  2. Энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу сараптамасын жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау, сондай-ақ энергия менеджменті жүйесін құру, енгізу және ұйымдастыру. Сағат саны – 250. Ұзақтығы-1,5 ай.

Сонымен қатар, оқу орталығының базасында бағыт бойынша біліктілікті арттыру курстары жүргізілуде:

— «Энергоаудит»,

— «Энергетикалық сараптама»,

— «Энергоменеджмент»,

— «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың өзекті мәселелері»,

— «Кәсіпорындарда энергия тиімділігі мен ресурс үнемдеуді арттыру».

Өндірісте оқу процесін ұйымдастыру

6В07121-«Электр энергетикасы»білім беру бағдарламасының бейіндік пәндері бойынша білім алушылардың теориялық және практикалық дағдыларын нығайту үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Алматы электрмен жабдықтау дистанциясы»филиалыныңкәсіпорнының базасында «Энергетика» кафедрасының филиалы құрылды және қазіргі таңда жұмыс істейді.Осы филиалдың базасында нақты өндірістік жағдайларда практикалық сабақтар, сондай-ақ кіші курс студенттері үшін таныстыру экскурсиялары өткізіледі.

1) Кафедра филиалдары ашылған ұйымдардың тізімі

Алматы электрмен жабдықтау дистанциясы 20 жылдан астам уақыт бойы тығыз ынтымақтастық қарым-қатынаста және оқу үдерісін ұйымдастыруға атсалысып келеді. Білім алушылартартылым қосалқы станцияларда (ТҚС), түйіспелі торап аудандарында (ТТА), электрмен жабдықтау аймақтарында (ЭЖА) және жөндеу-тексеру телімінде (ЖТТ) өндірістік және диплом алды практикадан өтуге мүмкіндігі бар.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ базасында кафедра филиалы жұмыс істейді. Екі жыл бойы кәсіпорын кадрлар даярлау мәселелері бойынша университетпен белсенді түрде ынтымақтасып келеді. Студенттер өндірістік және диплом алдындағы тәжірибеден өтіп, электр энергетикасы саласында практикалық жұмыс тәжірибесін жинақтайды, сондай-ақ электр желілерін пайдаланудың заманауи технологияларымен танысады.

2) Семестр бойынша дуальды оқытуға шығарылған пәндер тізімі

Дуальды білім беру элементтерін енгізу мақсатында Алматы электрмен жабдықтау дистанциясы базасында 2023-2024 оқу жылында келесі бейінді пәндер бойынша практикалық сабақтар өткізіледі:

 

Пәннің атауы

Өткізу кезеңі

Курс

Өткізу орны

1

Тартылым және трансформаторлық қосалқы станциялары

1 семестр

10-14 апта

4

ҚТЖ» ҰК» АҚ «Алматы электрмен жабдықтау дистанциясы» филиалы,

(ТП) «Медеу» тартылым қосалқы станциясы

2

Түйіспелі тораптар және әуе электр беріліс желілері

1 семестр

10-14 апта

3

ҚТЖ» ҰК» АҚ «Алматы электрмен жабдықтау дистанциясы» филиалы,

ЭЧК (түйіспелі торап ауданы)

3

Электрлендірілген жолдарды электрмен жабдықтау

 

2 семестр

10-14 апта

3

ҚТЖ» ҰК» АҚ «Алматы электрмен жабдықтау дистанциясы» филиалы,

ЭЧК (түйіспелі торап ауданы)

4

Электротехническое материаловедение

2 семестр

10-14 апта

3

ҚТЖ» ҰК» АҚ «Алматы электрмен жабдықтау дистанциясы» филиалы,

РРУ (жөндеук-тексеру телімі)

3) Дуальды оқыту сабақтарын жүргізетін өндірістегі оқытушылар тізімі

Осы бейінді пәндер бойынша практикалық сабақтарды өндірістен келесі мамандар жүргізеді:

  1. Мамырбеков Н.М.,Алматы электрмен жабдықтау дистанциясының бастығы;
  2. Жансеитов Т.К.,Алматы электрмен жабдықтау дистанциясының еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженері;
  3. Алимов М.Т., Алматы электрмен жабдықтау дистанциясының түйіспелі торап ауданының(ТТА) бастығы;
  4. Кайроллин А.Т., Алматы электрмен жабдықтау дистанциясының тартылым қосалқы станциясының (ТҚС) бастығы.
4) Топ-менеджерлер тізімі

ҚТЖ» ҰК» АҚ Алматы электрмен жабдықтау дистанциясының, «Алатау Жарық компаниясы» АҚ және энергетикалық бағыттағы басқа да кәсіпорындардың топ-менеджерлері,жетекші мамандары біздің білім алушыларға қонақтық және көшбасшылық дәрістер оқиды, сондай-ақ дипломдық жұмыстардың жетекшілері мен пікір беруші срапшылары ретінде тартылады.

Кестеде 2023-2024 оқу жылында қонақтық және көшбасшылық дәрістерге қатысатын  Топ-менеджерлер келтірілген.

 

Күні

Дәріс тақырыбы

Дәріскердің аты-жөні

Ұйым аты,атқаратын қызметі

I – С Е М Е С Т Р

1

Қараша

2023

 

Ұлттық экономиканы дамытудағы энергетиканың рөлі

 

Сулейменова

Дурия Толеугалымовна

«Алатау Жарык Компаниясы» АҚ,сметалық бөлім бастығы

2

Желтоқсан 2023

 

Теміржолшы мамандығының беделі

Ахметбеков Рысбек Касымбекович

«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ филиалының Электрлендіру және энергетика департаменті —

«Магистральды желі Дирекциясы», директоры

3

Желтоқсан2023

 

Энергоменеджмент және энергия тиімділігі(возможна корректировка темы)

Джанатаев Данат Джанатаевич

АГПРОН ҚР «Парасат», төрағасы

4

Желтоқсан2023

 

Күштік трансформаторларды сынақтау

Ахметов Бауыржан Абдрахманович

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Алматы электрмен жабдықтау дистанциясының филиалы (ЭЧ-19), бас инженер

II – С Е М Е С Т Р

 

1

Ақпан, 2024

 

Электрлендірілген жолдардағы түйіспелі торап жұмысын жақсарту мәселелері

БейсембаевЕрнур

 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Астана электрмен жабдықтау дистанциясы(ЭЧ-8)

2

Наурыз

2024

 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ электрмен жабдықтау шаруашылығын дамыту

(возможна корректировка темы)

Алиев Мурат Жусупович

«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ филиалының Электрлендіру және энергетика департаменті —

«Магистральды желі Дирекциясы»,өндіріс және технологиялар бойынша функционалды бағыттың бас менеджері

5) Практика өту базалары

Оқу курсын аяқтағаннан кейін өндірісте міндетті түрде практикадан өту қарастырылады. Практика теориялық курсты оқу барысында алған білімдерін бекіте отырып, оқытудың жалпы тұжырымдамасына сәйкес келедіжәне білім беру бағдарламасының болашақ маманының алдағы жұмыс жағдайларына еш қиындықсыз (ауыртпалықсыз) бейімделуіне ықпал етеді.

Кестеде «Энергетика» кафедрасы бойынша практика базалары келтірілген.

Ұйым атауы

1

«KEGOC» АҚфилиалы,«АлматыЖАЭТ», Алматы қ.

2

СайманКорпорациясы,Алматық.

3

«Проект ЭнС»ЖШС, Алматы қ.

4

“ABM-Building 2007” ЖШС, Алматы қ.

5

«Алатау Жарык Компаниясы», Өтеген батырАЭТ, Өтеген батыр ауылы

6

«ЭлМехСервис» ЖШС, Алматы қ.

7

«Geo Projects Stroy»ЖШС, Алматық.

8

«Казахтелеком» АҚ,Алматық.

9

Аврора холдинг, Алматық.

10

“ZHERSU” ЖШС, Алматы қ.

11

 «КТЖ» ҰК» АҚ филиалы Шелекэлектрмен жабдықтаудистанциясы, Алматы облысы

12

«Зи-Дан» ЖШС, Алматық.

13

«КТЖ» ҰК» АҚфилиалыАстанаэлектрмен жабдықтау дистанциясы, Астана қ.

14

«АРЭК» АҚ, Астана қ.

15

«Digital PROgress» ЖШС, Астана қ.

16

Bazis-A Construction ЖШС «Строй Групп  Инжиниринг «,  Астана қ.

17

«Казахтелеком» АҚ, Жезказганқ.

18

«КТЖ» ҰК» АҚ филиалыСары-Шаған электрмен жабдықтау дистанциясы,Сарышаған ауылы

19

«Вагонсервис» АҚ Ақтөбе филиалы (ЛВЧДР-5), Ақтөбе қ.

20

«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. KPI.» ЖШС, Атырауқ.

21

«Энергопоток»ЖШС, Шымкентқ.

22

 «АИС Кернеу»ЖШС, Алматы қ.

23

 «Казтелерадио» АҚ филиалы,«Радио Телевещания Алматы Облыстық Дирекциясы», Алматы қ.

24

«Талдықорған көлік-электр желісі компаниясы»АҚ, Талдықорған қ.

25

Алакөл АЭТ, «ТАТЭК» АҚ, Үшаралқ.

26

Желаев нан өнімдері комбинаты, Орал қ.

27

«Батыс Қазақстан электр тарату желісі компаниясы» ЖШС, Орал қ.

28

«КТЖ» ҰК» АҚ филиалыҚазалы электрмен жабдықтау дистанциясы, Қазалық.

29

«Шиелі Жарығы» ЖШС, Жалағашауылы

30

«Ard Pro» ЖШС, Алматы қ.

31

«Жаннур-Cервис и К» ЖШС, Астана қ.

32

 «Авалон групп плюс» ЖШС, Атырау қ.

Skip to content
Приемная комиссия