Select Page

Логистика орталығы

Логистикалық қызмет саласындағы ЛжКА даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарына қош келдіңіздер!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру және көлік-логистика индустриясы кадрларын даярлау жөніндегі Жолдауын іске асыру шеңберінде академияда Қазақстан Республикасы Ұлттық экспедиторлар қауымдастығының (АНЭК) қолдауымен логистика орталығы құрылды. Орталықта теориялық әзірлемелер мен тәжірибелік міндеттерді шешуді оңтайлы үйлестіре алатын білікті профессор-оқытушылар құрамы, логистика саласындағы құзыретті мамандар бар; заманауи техникамен, бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған және кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша қызметтердің барлық спектрін ұсынуға қабілетті.

Орталық жоғары оқу орындарын, көлік және өнеркәсіп саласының кәсіпорындары мен ұйымдарын логистика бойынша жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етуге, тыңдаушылардың теориялық білімі мен практикалық тәжірибесін кеңейтуге, еуропалық логистикалық қауымдастықтың (ELA BVL) және халықаралық экспедиторлық қауымдастықтар Федерациясының (FIATA) талаптарына сәйкес теория мен тәжірибенің мінсіз үйлесімінде теңдестірілген бағдарламалар әзірлеуге мүмкіндік береді.

Логистика орталығы курстарының тыңдаушылары әр түрлі деңгейдегі логистикалық жүйелерді қалыптастырудың тиімді тәсілдерін игеру бойынша теория мен тәжірибенің қажетті білімдерінің барлық жиынтығын дәйекті және қарқынды түрде ала алады.

Оқытудың 3 нысаны қарастырылған:

  1. біліктілікті арттыру курстарының бағдарламалары бойынша 120 сағатқа дейінгі көлемде сертификат беріледі;
  2. 216 сағат көлемінде жұмысшы мамандығын алу-куәлік беріледі; FIATA кәсіптік оқыту бағдарламалары бойынша-FIATA халықаралық үлгідегі дипломы беріледі.

Логистика орталығының презентациясы

Логистика орталығы өткізетін біліктілікті арттыру курстарының тізбесі
  1. Көлік-логистикалық орталықты басқару және қызмет көрсету;
  2. Халықаралық жүк автомобиль тасымалдары;
  3. Логистикалық жүйелерді жобалау;
  4. Халықаралық қатынастағы тауар қозғалысын логистикалық басқару;
  5. Теміржол логистикасы мен сыртқы экономикалық қызметке арналған бағдарламалық шешімдер қызмет;
  6. КЖЖ АБЖ бағдарламасының электрондық сервисі;
  7. Экспедиторлар мен логистерді автоматтандыру бағдарламасы;
  8. Модельдеу бағдарламасы.

Курстардың ұзақтығы Тапсырыс берушінің сұранысы бойынша: 3 күн (18 сағат), 5 күн (36 сағат), 10 күн (72 сағат), 18 күн (120 сағат), 6 апта (216 сағат)

Сондай-ақ, біз сіздің университетіңіз үшін жеке курстардың тізімін жасауға көмектесуге қуаныштымыз.

Бізбен байланысуға болады:
Логистика орталығы
050012, Алматы қ., Шевченко к-сі, 97, 2505 кеңсе
Тел. +7 (727) 292 36 84
«Көліктегі логистика және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі
Мусалиева Роза Джалиловна, r.mussaliyeva@alt.edu.kz

Біліктілікті арттыру бөлімі

050012, Алматы қ. Шевченко, 97, 2214 кабинет
Тел. +7  707 333 1931, +7 707 200 0970
электрондық пошта: a.duisebaeva@alt.edu.kz

Приемная комиссия