Select Page

ALT технопарк және Инновациялық жобалар кеңсесі бірлесіп академия білім алушылары арасында конкурс жариялайды келесі бағыттар бойынша.

– Энергетика және жасыл ғимараттар. Энергия тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар, энергия үнемдеу, жаңартылатын энергетика технологиялары, тұтынуды зияткерлік есепке алу, құрылыста экологиялық таза материалдарды пайдалану, жасыл шатырлар және басқалар;

– Қалдықтарды басқару. Қалдықтарды қайта өңдеу және апсайклинг, органикалық қалдықтарды компосттау, сарқынды суларды тазарту, өзгелері;

– Тұрақты тамақ. Жылыжай жобалары, кампустағы бау-бақша, қалалық ауыл шаруашылығы, Дұрыс тамақтану өнімдері.

– Биоалуантүрлілік. Биоәртүрлілікті сақтау, бау-бақша, қалалық ауыл шаруашылығы, кампусты көгалдандыру;

– Су. Суды үнемдеу, тазалау, жаңбыр мен еріген суды пайдалану;

– Көлік. Баламалы отын көздері мен көлік құралдары, басқару шешімдері;

Ғылыми жобалардың негізгі идеялары 1 наурызға дейін қабылданады!!! (Команда құрамы және презентация).

Жүлде қоры 800 000 теңгені құрайды!

Барлық қызықтыратын ақпарат бойынша 2101 Технопарк және Бизнес-инкубатор кабинетіне хабарласуыңызды сұраймыз.

Приемная комиссия