Select Page

Құжаттар қабылдау – 26.07.2023 ж. – 08.08.2023 ж. аралығы

ӘСКЕРІ ІС ИНСТИТУТЫ БОЙЫНША ПОҚ-ның  БОС ОРЫНДАР ТІЗІМІ:       

Институт атауы

ПОҚ лауазымы

Жүктеме саны

 

«Әскери іс» институты

Бастықтың орынбасары

1

Цикл бастығы

2

Аға оқытушы

6

Оқытушы

10

 

БАРЛЫҒЫ:

19

 

«ЛжКА» АҚ профессор-оқытушылар құрамы
және институт директорларының
бос лауазымдарын жариялау ережесіне 
Қосымша 1

«ЛжКА» АҚ әскери істер институтының профессорлық-оқытушылық құрамының бос лауазымдарына орналасуға үміткерлерге қойылатын конкурстық және біліктілік талаптары

Әскери іс институты бастығының орынбасары: 

Әскери іс институты бастығы орынбасарының жоғары әскери білімі болуы тиіс. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскери құрылымдарында кемінде 10 күнтізбелік жыл әскери қызмет өткеру мерзімі болуы қажет.

Әскери атағы – запастағы полковник. Институт бастығының орынбасары лауазымына Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа да әскери құрылымдарынан оң себептермен босатылған адамдар тағайындалады.

Компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу дағдысы. Бағдарламалық құжаттар мен жобаларды, білім беру бағдарламаларын құрастыра білу. Өз бағдарламаларын іске асыру, қажетті ресурстарды жинау және коммерцияландыру дағдыларының болуы. Аналитикалық қабілеттерді дамыта білу. Оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу дағдылары. Ұжымда сенімді және тиімді іскерлік қарым-қатынас орната білу қабілеттілігінің болуы. Мүмкіндігінше В2 деңгейінен төмен емес шет тілін білу қажеттілігі.

Әскери іс институтының цикл бастығы (кафедра меңгерушісі):

Әскери іс институтының цикл бастығының жоғары білімі болуы тиіс. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскери құрылымдарында кемінде 10 күнтізбелік жыл әскери қызмет өткеру мерзімі болуы қажет.

Әскери атағы – запастағы подполковник және одан жоғары. Цикл бастығы лауазымына Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа да әскери құрылымдарынан оң себептермен босатылған адамдар тағайындалады.

 Компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу дағдысы. Бағдарламалық құжаттар мен жобаларды, білім беру бағдарламаларын құрастыра білу. Аналитикалық қабілеттерді дамыта білу. Ұжымда сенімді және тиімді іскерлік қарым-қатынас орната білу қабілеттілігінің болуы.

Аға оқытушы (сениор-лектор):

Әскери іс институтының аға оқытушысының жоғары білімі болуы тиіс. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскери құрылымдарында кемінде 10 күнтізбелік жыл әскери қызмет өткеру мерзімі болуы қажет.

Әскери атағы – запастағы майор және одан жоғары. Аға оқытушы лауазымына Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа да әскери құрылымдарынан оң себептермен босатылған адамдар тағайындалады.

Компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу дағдысы. Бағдарламалық құжаттар мен жобаларды, білім беру бағдарламаларын құрастыра білу. Аналитикалық қабілеттерді дамыта білу. Оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу дағдылары. Ұжымда сенімді және тиімді іскерлік қарым-қатынас орната білу қабілеттілігінің болуы.

Оқытушы (ассистент-оқытушы):

Әскери іс институтының оқытушысының жоғары білімі болуы тиіс. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскери құрылымдарында кемінде 10 күнтізбелік жыл әскери қызмет өткеру мерзімі болуы қажет.

Әскери атағы – запастағы капитан және одан жоғары. Оқытушы лауазымына Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа да әскери құрылымдарынан оң себептермен босатылған адамдар тағайындалады.

Бағдарламалық құжаттар мен жобаларды, білім беру бағдарламаларын құрастыра білу. Аналитикалық қабілеттерді дамыта білу. Оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу дағдылары. Ұжымда сенімді және тиімді іскерлік қарым-қатынас орната білу қабілеттілігінің болуы.

 

«ЛОГИСТИКА ЖӘНЕ КӨЛІК АКАДЕМИЯСЫ» АҚ 2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНА
ПОҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЛАУАЗЫМДАРЫНЫҢ ЖАЛАҚЫ ДЕҢГЕЙІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

 

Лауазымы

Ғылыми дәрежені қоса есептегенде, санатқа байланысты жалақы, теңгемен

Институт бастығының орынбасары

350000

Цикл бастығы

330000

Аға оқытушы

276000

Оқытушы

240000

          Ескерту: ғылыми дәрежелер үшін қосымша төлемдер қарастырылған:
ғылым кандидаты, PhD докторы – 17 АЕК;
ғылым докторы – 34 АЕК

КЕРЕКТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:

  1. Өтініш (1 үлгі);
  2. Анкета (2 үлгі);
  3. Жеке куәлік көшірмесі;
  4. Білімі, дәрежесі, ғылыми атағы дипломдарының көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары. Шет тіліндегі дипломдар үшін мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы міндетті түрде қоса беріледі;
    Институт директоры, институт директорының орынбасары, кафедра меңгерушісі, профессор, қауымдастырылған профессор, ассистент-профессор лауазымдарында ғылыми дәреженің болуы: ғылым докторы, ғылым кандидаты немесе академиялық дәреже: профиль бойынша доктор, философия докторы (PhD).
  5. Сәйкес құрылымдық бөлімнің дамыту бағдарламасының жобасы (кафедра меңгерушісі, институт директорларының бос лауазымдарына үміткерлер үшін) көлемі 3 слайдтан артық емес; оқу пәні бойынша жобаның презентациясы (ПОҚ бос лауазымына үміткерлер үшін). Презентация 5 слайдтан аспау керек және электронды түрде тапсырылады;
  6. Мүмкіндігінше қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы куәліктердің көшірмелері және оларды салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары (соңғы 3 жыл, 72 сағаттан кем емес);
  7. Ғылыми басылымдар, жұмыстар мен өнертабыстар тізбесі (соңғы 5 жыл) (3 үлгі);
  8. Өтініш берушілердің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері (ӘІИ ПОҚ үшін тіркелген жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармасының 8лд нысанындағы анықтама);
  9. Соттылығының жоқтығы туралы анықтама, қатысушының наркологиялық және психоневрологиялық ұйымдарда есепте тұрмағаны туралы ХҚО-ның анықтамалары;

«ЛжКА» АҚ-да жұмыс істейтін үміткерлер 3, 4, 6, 8, 9-тармақтар бойынша құжаттарды тапсырудан босатылады.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсынымдары), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.

КОНКУРС ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ҚАҒАЗ ТҮРІНДЕ ұсынбаған және өтінім мен құжаттарды берудің белгіленген мерзімдерін бұзған жағдайда, өтінім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Қазақстан Республикасының басқа қаласынан келген үміткер конкурстық құжаттарды сканерден өткізілген нұсқада электрондық поштаға (konkurs2023@alt.edu.kz) немесе Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 97 адресіне жіберуіне болады.

«Логистика және көлік академиясы» Акционерлік қоғамы Профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына конкурс өткізетін орын:
Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 97

Құжаттар қабылдау: «ЛжКА» АҚ » https://alt.edu.kzресми сайтында жарияланған күннен 14 күнтізбелік күн ішінде 26.07.2023-08.08.2023 аралығында
Құжаттар қабылданатын мекен-жай: Алматы қ. Шевченко көш., 97
2712 кабинет –  HR департаменті.
Жұмыс күндері (дүйсенбіден жұмаға дейін, 08.30-17.30 сағат аралығы)

Приемная комиссия