Select Page

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Логистика және көлік академиясының және Алматы көлік колледжінің студенттері арасында ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН жарыс өтетінін хабарлаймыз.

Жарыстың негізгі мақсаты:

  • Студенттер арасында үстел теннисін кеңінен насихаттау;
  • Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру;
  • Студенттерді тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту;
  • Жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту;
  • Бұқаралық спорт түрлерін дамыту.

Жарыс 2021 жылдың 23-24 қазан күндері сағат 12:30-да басталады.

Өтетін орны: Мәуленов көшесінде орналасқан №1 Студенттер үйінің тренажер залы.

Қатысуға өтініш қабылдау 2021 жылдың 23 қазан күні сағат 11:00-де аяқталады. Өтініштерді қабылдау +7 747 842 72 32 WhatsApp номеріне жіберу арқылы жүзеге асырылады. 

Толық ақпарат бойынша байланыс телефоны: +7 747 842 72 32 Саяна Сабитовна.

Приемная комиссия