Select Page

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Логистика және көлік академиясының және Алматы көлік колледжінің студенттері арасында ҚОЛ КҮРЕСІНЕН жарыс өтетінін хабарлаймыз.

Жарыс ұлдар және қыздар арасында жекелей сында өткізіледі. Ерлер үш салмақ дәрежесі бойынша (60 келіге дейін, 70 келі, 70 келіден жоғары), қыздар екі салмақ дәрежесі бойынша (60 келіге дейін, 60 келіден жоғары) қатысады. Әр салмақ дәрежесінде +2 келіге дейін рұқсат беріледі. Жарысқа қатысушыларда өзімен бірге міндетті түрде жеке куәлігі мен студенттік билеті болуы тиіс.

Жарыс 2021 жылдың 19 қараша күні сағат 16:00-де, САЛМАҚ ӨЛШЕУ РӘСІМІ 2021 жылдың 19 қараша күні  сағат 15:00-де басталады.

Өтетін орны: Мәуленов көшесінде орналасқан №2 Студенттер үйінің тренажер залы.

Қатысуға өтініш қабылдау 2021 жылдың 19 қараша күні сағат 14:00-де аяқталады. Өтініштерді қабылдау +7 747 842 72 32 WhatsApp номеріне жіберу арқылы жүзеге асырылады. 

Приемная комиссия