Select Page

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Логистика және көлік академиясының және Алматы көлік колледжінің студенттері арасында ШАҒЫН ФУТБОЛДАН жарыс өтетінін хабарлаймыз. 

Жарыстың негізгі мақсаты:

  • Студенттер арасында шағын футболды кеңінен насихаттау;
  • Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру;
  • Студенттерді тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту;
  • Жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту;
  • Бұқаралық спорт түрлерін дамыту.

Жарыс 2021 жылдың 13-14 қазан күндері сағат 16:00-де басталады.

Өтетін орны: Мәуленов көшесінде орналасқан №2 Студенттер үйінің футбол алаңы.

Қатысуға өтініш қабылдау 2021 жылдың 12 қазан күні сағат 16:00-де аяқталады. Өтініштерді қабылдау 17.189@mail.ru электронды адресіне немесе +7 747 842 72 32 WhatsApp номеріне жіберу арқылы жүзеге асырылады. 

Толық ақпарат бойынша байланыс телефоны: +7 747 180 38 99 Марат Каримович;

 +7 747 842 72 32 Саяна Сабитовна.

Приемная комиссия