Select Page

Жас ұрпақтың болашағы, білім алуда қандай жетістікке жететіні, өмірде қаншалықты табысты іскер болатыны тікелей ұстазға байланысты.  Сіздер білім саласында көп жылдар бойы өнегелі еңбек етіп, ұлағатты істер атқарып келесіздер! Болашақ ұрпаққа берер білімдеріңіз бен тәлімдеріңіз, жеткен биіктеріңіз, Тәуелсіз Қазақ елінің көркеюіне қосар  үлестеріңіз, шәкірттеріңіздің біліктілігін арттырудағы еңбектеріңіз баянды болсын!

Білім беру саласының өркендеу жолында адал қызмет етіп, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі ерең еңбектеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз!

Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, алға қойған бастамаларыңызға толағай табыстар, абырой мен бедел биіктен көріне берулеріңізге шын жүректен тілектеспіз!  

Приемная комиссия