Select Page

Құрметті логистика және көлік академиясының студенттері!

10 сәуірде сағат 11:00-де үлкен конференц-залда «Самұрық-Энерго «АҚ компанияларындағы мансаптық мүмкіндіктер» атты іс-шара өтеді. Іс-шарада жұмыс тәжірибесімен бөлісуге және барлық сұрақтарыңызға жауап беруге дайын жоғары білікті мамандар сөз сөйлейді.

Іс-шара спикерлері арасында Темірбаева Айнұр Сәкенқызы, «АлЭС» АҚ ЖЭО-1 Өндірістік департаментінің кадрлар бөлімінің бастығы, Солтанова Жадыра Сунгатоллақызы, «АлЭС» АҚ ЖЭО-2 Өндірістік департаментінің кадрлар бөлімінің бастығы және QSamruk.kz жоба жетекшісі Наурызова Самал Кенжебайқызы болады.

Іс-шара компаниялардағы мансаптық мүмкіндіктер туралы көбірек білгісі келетіндердің барлығына пайдалы болады. Біз барлық студенттер мен оқытушыларды іс-шараға қатысуға және спикерлерімізден құнды білім алуға шақырамыз.

Сізді іс-шарада күтеміз!

Приемная комиссия