Select Page

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Конкурсқа өтінім беру жалғасуда!

Сіздерді жыл сайынғы сыйлықтарды алу конкурсына қатысуға шақырамыз:

– жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеу үшін Қ. И. Сәтбаев атындағы бір сыйлық;
– гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеу үшін Ш. Уәлиханов атындағы бір сыйлық;
–  педагогика саласындағы үздік ғылыми зерттеу және жұмысы үшін Ы.Алтынсарин атындағы бір сыйлық;
– түркология саласындағы үздік жетістігі үшін Күлтегін атындағы бір сыйлық;
– жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д. А. Қонаев атындағы бір сыйлық;
– гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған М. Әуезов атындағы бір сыйлық;
– 75 мемлекеттік ғылыми стипендия, оның ішінде 50 – талантты жас ғалымдарға арналған.

Конкурс өткізу туралы хабарландыру 2022 жылғы 7 қыркүйекте «Казахстанская правда»  газетінде орналастырылды.

Талаптарға сәйкес ресімделген құжаттар мен материалдар тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» ЖЕАҚ-та қабылданады (мекенжайлары http://gov4c.kz сайтта көрсетілген) конкурс туралы хабарландыру республикалық баспасөзде жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде (авторлардан немесе олардың сенім білдірген адамдарынан) қабылданады. 

Негіздеме: «Ғылым саласындағы сыйлықақылар және мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі №830 Қаулысы.

Конкурстық құжаттама Ғылым комитетінің (https://www.gov.kz/memleket/entities/sc) ресми сайтында орналастырылған.

Өтініштерді беру бойынша кеңес алу үшін АЛТ ғылым департаментіне (каб. 2703) хабарласыңыз, dn@alt.edu.kz

КОНКУРС ЖАЛҒАСУДА! КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Ғылым департаменті

Приемная комиссия