Select Page

Логистика және көлік академиясы жанындағы «Көлік қызметтері», «Инженерия және инженерлік Іс» кадрларды даярлау бағыттары бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік бірлестігі (РОӘК ОӘБ)

Логистика және көлік академиясының базасы негізіндегі Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік бірлестігі (РОӘК ОӘБ) – бұл жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде жоғары оқу орындарының қызметін үйлестіру, білім беру сапасын және дамуын қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогикалық, ғылыми және академиялық қызметкерлердің, жұмыс берушілер өкілдерінің білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысуы мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші жұмыс органы.

ЛКА жанындағы РОӘК ОӘБ құрамына кадрларды даярлаудың келесі бағыттары бойынша оқу-әдістемелік секциялар кіреді:

1) 071 Инженерия және инженерлік Іс:

  • Көлік техникасы және технологиялары;
  • Магистральдық желілер және инфрақұрылым;
  • Көлік құрылыстары.

2) 113 Көлік қызметтері:

  • Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану;
  • Логистика (салалар бойынша).

ОӘБ құрамына кадрларды даярлаудың тиісті бағыттары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, жақын және алыс шетелдердің өкілдері, жұмыс берушілердің, жұмыс берушілер қауымдастықтарының және басқа да мүдделі органдардың өкілдері, педагогикалық және ғылыми қызметкерлер кіреді.

Логистика және көлік академиясы жанындағы РОӘК ОӘБ құрамы

Атаулары

Қазақстан Республикасы ЖОО – ы

1

Азаматтық авиация академиясы

2

Алматы Менеджмент Университет

3

С. Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университеті

4

Баишев Университеті

5

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті

6

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

7

Еуразия технологиялық университеті

8

Академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты

9

О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

10

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

11

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

12

Инновациялық Еуразия университеті

13

Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты

14

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

15

Қазақстан-Британ техникалық университеті

16

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

17

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу университеті

18

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

19

Қазақстан-Неміс университеті

20

Қарағанды индустриалды университеті

21

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті

22

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

23

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

24

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

25

А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

26

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай Өңірлік университеті

27

М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті

28

З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті

29

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

30

Халықаралық көлік-гуманитарлық университеті

31

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

32

М. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

33

Торайғыров Университеті

34

«Болашақ» Университеті

35

Шәкәрім атындағы Университет

36

Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті

37

«Тұран» Университеті

38

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Шетелдік ЖОО

1

Бухарест политехникалық университеті, Румыния

2

Қиыр Шығыс Мемлекеттік қатынас жолдары университеті (ДВГУПС), Ресей, Хабаровск

3

М.Т. Калашников атындағы Ижевск мемлекеттік техникалық университеті, Ресей, Ижевск

4

Корея ұлттық көлік университеті (KNUT), Корея

5

«Днепр политехникасы» Ұлттық техникалық университеті, Украина, Днепропетровск

6

Мәскеу автомобиль-жол мемлекеттік техникалық университеті (МАДИ), Ресей, Мәскеу

7

Омбы мемлекеттік қатынас жолдары университеті (ОмГУПС), Ресей, Омск

8

Петербург мемлекеттік қатынас жолдары университеті (СПГУПС), Ресей, Санкт-Петербург

9

Рига техникалық университеті, Латвия, Рига

10

Ресей көлік университеті РУТ (МИИТ), Ресей, Мәскеу

11

Ангел Кынчев атындағы Русен университеті, Болгария

12

Сібір мемлекеттік қатынас жолдары университеті (СГУПС), Ресей, Новосибирск

13

Силез технология университеті, Польша

14

Крайова Университеті, Румыния

Жұмыс берушілер

1

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ

2

«ҚТЖ «ҰК» АҚ адам ресурстарын басқару департаменті

3

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ «БП Алматы бөлімшесі» филиалы

4

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ «БП Шымкент бөлімшесі» филиалы

5

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ филиалы, Алматы 1 станциясы

6

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» – «Алматы пайдалану локомотив депосы» АҚ филиалы

7

ҚР Президенті жанындағы «ҚР ҰҒА» КЕАҚ

8

Транскаспий халықаралық маршрут қауымдастықтары

9

«KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік қызметкерлері Одағы

10

Қазақстан вагон тасымалдаушылары мен операторларының қауымдастығы

11

Көлік және логистика бойынша серіктестік қауымдастығы Орталық Азия, БҰҰ ЕЭК

12

«ҚР ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді тасымалдаушылардың Ұлттық қауымдастығы» дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың бірлестігі

13

«MEGA MOTORS» ЖШС

14

«ТрансКом» ЖШС

15

Конструкторлық-эксперименттік орталық, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ Алматы филиалы

16

«Метрополитен» КМК, Алматы

17

«Қамқорвагон» «ЖШС Алматы – 1 станциясының ШҚМ» филиалы

18

ТОО «Электровозостроительный завод», Астана

19

«Проммашкомплект» ЖШС

20

«Шыңғар Транс» ЖШС

21

«Локомотив құрылысы зауыты» АҚ, Астана

22

«Вагон шаруашылығы мамандарының қауымдастығы» ЖШС, Алматы

23

«AZURITE RAILWAY SOLUTION» ЖШС

РОӘК ОӘБ қызметінің негізгі бағыттары:

  1. жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу;
  2. жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кадрларын даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік секциялардың қызметін үйлестіру;
  3. еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кадрлар даярлау топтары мен бағыттары және білім беру бағдарламалары тізбесі бойынша ұсыныстар енгізу;
  4. жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын жетілдіру жөнінде шаралар дайындау;
  5. жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту және жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;
  6. жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы шешімдерді қарау және қабылдау;
  7. оқу-әдістемелік әдебиетті жазуға қойылатын бірыңғай талаптарды дайындау;
  8. жоғары оқу орындарын оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар дайындау;
  9. жоғары оқу орындары үшін оқулықтар мен оқу әдебиетін, оның ішінде электрондық оқулықтарды пайдалануға рұқсат беру жөнінде ұсыныстар дайындау;
  10. қазіргі заманғы білім беру технологияларын енгізу бойынша ұсыныстарды қарау және ұсыныстар дайындау;
  11. жоғары оқу орындарының инновациялық тәжірибесін жинақтау және оны енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау;
  12. оқу-әдістемелік мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықтың неғұрлым перспективалы және тиімді бағыттарын талдау және айқындау;
  13. қосымша білім беру және педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру бағдарламалары бойынша ұсыныстар дайындау.
Приемная комиссия