Select Page

Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай Академияда 3мамырда «Қаһарман қыздар ерлігіне – мың тағзым!» атты Әлия, Мәншүк және Хиуаз  апаларымыздың ерліктерін еске алып, ұлықтау кеші өтті. Кеш мақсаты – ұрпағы үшін қан майданда от кешкен жаужүрек, рухы асқақ жауынгерлердің ерліктерін еске алып, тағзым ету, олар сыйлаған бүгінгі бейбіт күнді қастерлей білу.

Академия студенттерінен құралған делегацияның батыр қыздар жерленген Ресейдің Псков облысына жасаған сапарлары кешке арқау болды. Студенттер сахнада патриоттық әндер орындады.

Кеш барысында Академия ректоры С.Н.Амиргалиева студенттер арасында Жеңіс күніне арнап өткізілген конкурс жеңімпаздарын марапаттады. Конкурс үш номинация бойынша өтті: әскери тақырыпта эссе жазу; мәнерлеп оқу конкурсы және патриоттық ән байқауы.

Батырлар ерлігі мен есімдері ешқашан ұмытылмайды!

Приемная комиссия