Select Page

31.10.22 күні «Тілдік дайындық» кафедрасында  «Ағылшын тілі сабағында ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану» атты  лингвометодикалық семинар өтті. Семинар жүргізген – кафедра оқытушысы, сениор-лектор Шинтаева Л.А.

Қазіргі таңда аталмыш тақырып аясында семинар өткізу өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі, оқу үрдісінде жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану әлемдік білім кеңістігіне толығымен еніп, халықаралық деңгейге көтерілу болып табылады. Білім беру үрдісіне ақпараттық – коммуникация технологияларының озық жетістіктерін енгізу қоғамды дамытудың жоғарғы тиімді технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Семинар барысында ақпараттық –коммуникациялық технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану білім алушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол екендігі айтылып, видео нұсқаулықтар көрсетілді.  

Приемная комиссия