Select Page

2021 жылдың 23 желтоқсанында «Логистика және көлік академиясында» академия студенттері мен түлектері үшін «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізілді. Жәрмеңкенің басты мақсаты академия студенттері мен түлектеріне жұмыс орындарын іздеуде, ал жұмыс берушілерге бос жұмыс орындарына үміткерлерді таңдауда көмек көрсетуді ұйымдастыру еді. Болашақ жас мамандар үшін бұл тез жұмыс табу мен іскерлік қарым-қатынас дағдыларын алу мүмкіндігі болды. Түлектер бос жұмыс орындары туралы толық ақпарат пен туындаған сұрақтары бойынша жауаптар және сұхбаттан сәтті өту үшін пайдалы кеңестер ала алды.

Жәрмеңкеге « «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ және академияның студент-түлектері қатысты. Ұйым қызметкерлері пайдалы кеңестер беріп, флайерлер, буклеттер таратты. « «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызықты презентациялар көрсетіп, викториналар өткізді, жеңілпаздарға фирмалық сыйлықтар сыйлады.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі Әдістемелік қамтамасыз ету және мансап бөлімінің (ӘҚжМБ) ұйымдастыруымен өткізілді.

Ұйымдастырылған шарада «Автоматтандыру және телекоммуникация» институтының студенттер белсенділік танытты.

Приемная комиссия