Select Page

Логистика және көлік академиясының үлкен конференция залында 2023 жылғы 17 наурызда Академия студенттері үшін практикалық психолог, кинезиолог, «Қазақ психологиялық қоғамының» жаттықтырушысы, сондай-ақ «Кәсіби кинезиологтар қауымдастығының» мүшесі Құлсейітова Ақмарал Қалдыбаевамен «Денеге бағдарланған психология. Жалпы әдістер» тақырыбында мастер-класс өткізілді.

Мастер-класс өту барысында студенттер күнделікті өмірінде туындайтын көптеген қосымша сұрақтар қойды, оларға спикер осы мәселелерді шешу бойынша жауаптар мен кеңестер берді.

Мастер-класс спикері А. К. Құлсейітова өз сөзінде дене мен ақыл арасындағы тепе-теңдік, адамды үйлестіру және сауықтыру туралы айтты. Адамның қозғалысын талдай отырып, біз адамның физикалық және психоэмоционалды күйінің суретін ала аламыз.

Приемная комиссия