Select Page

2021 жылдың 24 желтоқсанында «Энергетика» кафедрасының ПОҚ оқу-әдістемелік семинары өткізілді, семинар тақырыбы: «Электр энергетикасы» мамандығы студенттерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру ерекшеліктері (Жауаптылар: Джабагина З.К., Коджабергенова А. К., Койшибаева К. Ж.).

Семинар барысында студенттердің таңдаған мамандықтарына сәйкес кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселелері талқыланды. Кәсіби құзыреттілік дәстүрлі жоғары білім беру жүйесіндегідей білім, дағды жиынтығы ретінде ғана емес, сонымен қатар студенттердің алған білімдері мен дағдыларын кәсіби қызметінде пайдалану тәжірибесі ретінде де анықталады.

Кәсіби құзіреттілікті қалыптастырудың басты ерекшелігі-дәстүрлі білімді, дағдыларды қалыптастырудан құзыреттілікті қалыптастыруға көшу.

Приемная комиссия