Select Page

«Магистральдық инженерия» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., ЛКА профессоры Аширбаев Галымжан Кожахатович пен «Энергетика» кафедрасының ассистент-профессоры, т.ғ.к., қаумдастырылған профессор  Ахметова Патам Тургановна үстіміздегі жылдың 13-15 сәуір аралығында Талдықорған қаласында өткен Республикалық олимпиаданың ІІІ облыстық кезеңінде қазылар мүшелігі қызметін басқа да ЖОО және мектептерден келген әріптестерімен бірге атқарып келді.

Алматы облысындағы оқушылар арасында ғылыми білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту, дарынды балаларды анықтау барысындағы әділ жұмыстары үшін Алматы облысы білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

Іс-сапар барысында академия ұстаздары Талдықорған қаласындағы №9 Орта мектепте және №20 дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейінде кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Мектеп тұлектеріне ALT жайлы ақпарат беріліп, сұрақтарына жауап қайтарылды. Аталмыш мектептердің  түлектерін академия студенттері қатарында күтеміз!

Приемная комиссия