Select Page

 

Ағымдағы жылдың 24 ақпанында «ЛжКА» АҚ-ның Әлеуметтік кеңесінің 2022-2023 оқу жылының 2-семестрге арналған екінші отырысы өтті.

Әлеуметтік кеңесте 2022-2023 оқу жылының 2-семестріне күндізгі оқу нысанындағы «ЛжКА» АҚ білім алушыларына әлеуметтік қолдау көрсету туралы ереже бойынша студенттердің барлығы – 27 жеке құжаттары қаралды. 26 студентке әлеуметтік шәкіртақы түрінде әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде:

  • II топтағы денсаулық мүмкіндігі шектеулі 1 студентке және 2 жетім студентке Студенттер үйлерінде тегін тұру қарастырылды;
  • 5 студентке әкесінің және бір студенттің інісінің қайтыс болуына байланысты мемлекеттік стипендия мөлшерінде бірреттік факті бойынша материалдық көмек көрсетілді;
  • әкесі бірінші топ мүгедектік тобына жататын 1 студентке ай сайын 1,5 АЕК мөлшерінде әлеуметтік шәкіртақы ретінде берілу қарастырылды;
  • толық емес отбасынан шыққан 1 студентке ай сайын 2 АЕК мөлшерінде әлеуметтік шәкіртақы ретінде берілу қарастырылды;
  • ТМД елдеріндегі халықаралық пәндік олимпиадалардың және/немесе конкурстардың, сондай-ақ спорттық жарыстардың (жақын шет елдер) жеңімпаздарына, 2022 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы қаласында балалар, кадеттер, жасөспірімдер, қыздар, ерлер мен әйелдер арасында Киокушинкай каратэ-до бойынша халықаралық турнирде I орын алған – 1 студентке бірреттік факті бойынша 15 АЕК берілді;
  • мемлекеттік және/немесе ұлттық жоғары оқу орындарында өткізілетін Республикалық пәндік олимпиадалардың және/немесе конкурстардың, сондай-ақ «ЛжКА» АҚ-дан тыс өткізілген, оның ішінде қалалық, облыстық және республикалық ауқымдағы спорттық жарыстардың жеңімпаздарына, балалар, қыздар мен жасөспірімдер арасындағы Шинкиокушинкай каратэ бойынша Республикалық турнирде, 2022 жылы Талдықорған қаласында, Астана қаласында 2023 жылғы 12 ақпанда, Алматы қаласында 2022 жылғы 27 қарашада Самбо күресінен облыстық чемпионатта I орын алған алған –
    4 студентке бірреттік факті бойынша 12 АЕК-тен берілді;
  • мемлекеттік және/немесе ұлттық жоғары оқу орындарында өткізілетін Республикалық пәндік олимпиадалардың және/немесе конкурстардың, сондай-ақ «ЛжКА» АҚ-дан тыс өткізілген, оның ішінде қалалық, облыстық және республикалық ауқымдағы спорттық жарыс жеңімпазына, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық конкурсында III орын алған – 1 студентке факті бойынша бір реттік 6 АЕК берілді;
  • 1 студенттік деканға Студенттер үйінде тұруға СҮ-де тұру сомасының құнынан 50% жеңілдік берілді (50% студенттер өздері төлейді);
  • 9 студентке, соның ішінде этаж старосталарына Студенттер үйлерінде тұру СҮ-де тұру сомасының құнының 50% жеңілдік берілді (50% студенттер өздері төлейді).

Әлеуметтік осал санаттағы бір білім алушыға оқу ақысы бойынша жеңілдік берілді: жетім студентке – оқу ақысы бойынша 10% жеңілдік.

Приемная комиссия