Select Page

Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа Қазақстан» үндеуіне сәйкес Логистика және көлік академиясында Алматы қаласының қоғамдық көлік директорларымен және Алматы қ. «Атамекен» ҰКП филиалының директорымен Мегаполисте жолаушылар тасымалының тиімділігін арттыру мәселесі бойынша нәтижелі кездесу өтті.

Заманауи мегаполистегі ішкі жолаушылар мен жүк тасымалының интеграциясы арқылы қала тұрғындарының жайлылығы мен қаланың экологиялық тазалығын қамтамасыз ету үшін «Қалалық логистика» ғылыми-зерттеу орталығын бірлесіп құру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ дамыған елдердің тәжірибесі негізінде құрастырылған автомобиль көлігі мамандарын даярлау және қайта даярлау курстарының оқу жоспарларының таныстырылымы өтті.

Приемная комиссия