Select Page

Ағымдағы жылдың 9 сәуір күні Академияда дебаттан турнир өтті. Турнирге 6 фракция қатысты және мынадай қарарлар ойнатылды.

Бұл палата: «Студент Үшін IQ (интеллект көрсеткіші) ге қарағанда EQ (эмоционалды интеллект) маңыздырақ деп есептейді»

Бұл палата: «Жоғарғы соттың шешіміне Халық әсер ете алуы керек деп есептейді»

Бұл палата: «Академяның дамуына байланысты жоба ұсынады»

Турнирдің мақсаты: студенттер арасында патриотизм мен азаматтылық идеясын насихаттау, олардың зияткерлік әлеуетін, ораторлық дағдыларын, сыни ойлауын арттыру, таным көкжиегін кеңейтіп, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, республикадағы пікірсайыс қозғалысын дамыту.

Турнирде жүлделі I -орын алғаны үшін «Әділдік» фракциясынан Әділғазы Жайна мен Тілеужан Олжас марапатталды.

ЖүлделіII  орын алғаны үшін «JUZZ» фракциясынан Уакбай Байсал мен Жолдасхан Акбота марапатталды.

III орын алғаны үшін «ASU» фракциясынан Пирмаганбетова Марал мен Тұрлыбек Айым Серікқызы марапатталды

Ең үздік спикер номинациясын Әділғазы Жайна жеңіп алды.

Приемная комиссия