Select Page

 

22 ақпанда «Автоматтандыру және басқару» және «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» білім беру бағдарламалары бойынша студенттер мен магистранттар арасында жұмыс берушімен – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы – «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалының «Орал сигнализация және байланыс дистанциясымен» кездесу өтті.

Дистанция бастығы Тугультаев Магды Габдулович түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелеріне тоқталып, жас мамандарға қойылатын талаптарды жан-жақты және егжей-тегжейлі айтып өтті.  Сондай-ақ, ол жас мамандардың өмір сүруіне және демалуына қолайлы жағдай жасалғанын атап өтті.

Айта кету керек, жұмыс беруші «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасы бойынша келесі бітіруші курс студенттерін жұмысқа қабылдады:

  • Каниев Мади Қайыржанұлы, АУ-18-1 тобының студенті;
  • Асылгереев Ильяс Саламатович, АУ-18-1 тобының студенті;
  • Нәсіп Ахан Нұрланұлы, АУ-18-2 тобының студенті;
  • Чиркова Алина Александровна, АУ-18-3 тобының студенті.

«Орал сигнализация және байланыс дистанциясы» төмендегі мамандықтар бойынша жұмысқа шақырады:

Бос қызмет лауазымы Бос орындар саны
1 Вавилино сигнализация, орталықтандыру және автобұғаттау разъезінің құрылғыларына қызмет көрсету жөніндегі электромонтер 1
2 Ангаты сигнализация, орталықтандыру және автобұғаттау разъезінің құрылғыларына қызмет көрсету жөніндегі электромонтер 2
3 Таксай сигнализация, орталықтандыру және автобұғаттау разъезінің құрылғыларына қызмет көрсету жөніндегі электромонтер 1
4 Колузанов сигнализация, орталықтандыру және автобұғаттау разъезінің құрылғыларына қызмет көрсету жөніндегі электромонтер 1
5 Амангельды сигнализация, орталықтандыру және автобұғаттау разъезінің құрылғыларына қызмет көрсету жөніндегі электромонтер 1
6 Орал станциясының байланыс құрылғыларына қызмет көрсету жөніндегі электромонтер 1
7 Орал станциясының СОБ электрмеханигі 3
8 Орал станциясының көпфункционалды техникалық құралдар кешенінің (бұдан әрі-КТҚК) электрмеханигі 1
9 Амангелді станциясының байланыс электромеханигі 1
10 Алгабас станциясының байланыс электромеханигі 1
  ЖАЛПЫ САНЫ 13

 

Осы жайлы барлық сұрақтар бойынша қызметкерлер жөніндегі менеджер – Бейлов Зухраб Курмангалиевичке жүгіне аласыздар, байланыс номері: 87029496088.

Font Resize
Contrast
Приемная комиссия