Select Page

2022 жылдың 15 сәуірінде «Автоматтандыру және басқару» кафедрасы Ғылым саласы қызметкерлері күніне арналған «Өндірістегі БЛК рөлі мен міндеттері» атты ғылыми семинар ұйымдастырды.

Семинарда келесі тақырыптарға баяндама жасалды:

  • «БЛК-ға кіріспе. Бағдарламалық логикалық контроллер дегеніміз не?»,
  • «B&R компаниясының ұсынатын басқару жүйесі»;
  • «Темір жол автоматика және телемеханика саласында БЛК қолдану ерекшеліктері»;
  • «БЛК логикасын өңдеудің тәжірибелік мысалдары және SCADA жүйелері».

Тыңдалған баяндамалардың нәтижелері бойынша жинақталған тәжірибенің практикалық маңыздылығы, оның өзектілігі және алынған білімді кәсіби қызметте пайдалануға дайындығы туралы көптеген оң пікірлер айтылды.

Приемная комиссия