Select Page

Елбасымыздың   «Рухани   жаңғыру»   бағдарламалық   мақаласындағы   басым   бағыттарды («Туған жер» бағдарламасының «Өлкетану», «Отаным-тағдырым», «Қасиетті Қазақстан» кіші бағдарламаларын) жүзеге асыру мақсатында, Логистика және көлік академиясында, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастырумен және әлеуметтік-тәрбие Департаментінің қолдауымен, Отан тарихын насихаттау аясында – «Отаным – Қазақстан» атты тарихи апталық өткізілді.

Академия студенттерінен құралған кіші ғылыми-зерттеу топтары Алматы қаласындағы 5 жоғарғы оқу орны мен Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының оқытушылары және ғылыми қызметкерлерімен кездесу өткізіп, тарихи тақырыптар бойынша бейне-сюжет жасады.

Кездесу барысында студенттердің ғылыми жұмысқа деген қызығушылығы оянып, өздері қызыққан тарихи сұрақтарға сол сала мамандарының нақты жауабын алды.

Приемная комиссия