Select Page

2021 жылғы 23 қыркүйекте қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып оқитын бірінші курс студенттерімен онлайн кездесу өтті, оған цифрландыру және кәсіптік білім беру жөніндегі Атқарушы директор, «Базалық және қашықтықтан білім беру» институты директорының орынбасары, қашықтықтан оқыту бөлімінің бастығы, ақпараттық-кітапхана ресурстық орталығының директоры, Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры, қаржылық бақылау бөлімінің бастығы қатысты.

Студенттермен кездесу барысында жаңа оқу жылының басталуына, академиялық күнтізбеге, оқу сабақтарының кестесіне, корпоративтік электрондық поштаны, «Платонус» ААЖ пайдалануға, MS Teams платформасына, Академияның электрондық кітапханасының ресурстарына, оқу ақысын төлеу тәртібіне байланысты ағымдағы мәселелер талқыланды.

Академияның қатысы бар бөлімшелері басшыларының студенттермен бұл кездесулері тұрақты болады, өйткені біз үшін оқушыларымыздың кері байланысы, олардың оқу процесін ұйымдастыруға қанағаттануы маңызды.

Приемная комиссия