Select Page

2021 ж. 16 қыркүйегінде Логистика және көлік Академиясында «Қазақстан студенттер Альянсы» (ҚСА) студенттік қозғалысының өкілдері – ҚСА Президенті Ілияс Нұрболұлы Тустикбаев пен Алматы қаласындағы ҚСА көшбасшысы Қуандық Жасұлан Бостандықұлымен кездесу өтті.

Кездесу барысында АLТ студенттерінің әлеуетін және білім беру мүмкіндіктерін дамыту үшін ҚСА-на құрамына кіру, АLТ студенттерінің заманауи білім беру жүйесіндегі рөлі және т.б. мәселелер талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумның мәні білім беру сапасын қамтамасыз етуге бағытталған әріптестік қатынастар мен ынтымақтастық орнату болып табылады.

Приемная комиссия