Select Page

2022 жылдың 15 сәуірінде сағат 17:00 – де «FORUM» СОО-да «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу»байқауы өтті.

Ұйымдастырушылар Алматы қаласының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры болды.

Бұл іс-шараға біздің Студенттік Үкіметтің студенттері де қатысты. Іс-шара барысында олар барлық ойындар мен конкурстарға белсенді қатысты.

Алмалы ауданының барлық ЖОО қатысты. Қазақстанның оңтүстік астанасындағы жас жұптардың арасында Алматы қаласының кинотеатры мен театрына билеттер ойнатылды. Жастар үшін ең басты сыйлық мейрамханаға романтикалық кешкі асқа сертификат болды.

Приемная комиссия