Select Page

2021 жылдың 8 қарашасында «EUROASIA MS» ЖШС тобының сертификациялық аудиті аяқталды. «EUROASIA MS» ЖШС сертификаттау жөніндегі органының өкілдері «Логистика және көлік академиясы» АҚ (бұдан әрі – ЛКА) қызметінің сапалық менеджмент жүйелерінің талабына сәйкестігіне аудит өткізді: ҚР СТ ISO 9001-2016 «Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар», ҚР СТ ISO 14001-2016 «Экологиялық менеджмент жүйелері. Талаптар және қолдану бойынша нұсқаулық», ҚР СТ ISO 45001-2019 «Еңбек қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау менеджменті жүйелері. Талаптар» және ҚР СТ ISO 50001-2019 «Энергоменеджмент жүйелері. Талаптар және қолдану жөніндегі нұсқаулық».
Осы аудиттің қорытындысы ЛКА қызметінің ҚР СТ ISO 9001-2016, ҚР СТ ISO 14001-2016, ҚР СТ ISO 45001-2019 және ҚР СТ ISO 50001-2019 стандарттарына сәйкестігін растау болды. Сапа менеджменті стандарттарына сәйкестік туралы сертификаттары 2021 жылдың 16 қарашасында берілді және оның қолданылу мерзімі 3 жылды құрайды: № KZ.Q.02.E0570.C21.006082; №KZ.Q.02.E0570.C21.006083; №KZ.Q.02.E0570.C21.006084; №KZ.Q.02.E0570.C21.006087.

«EUROASIA MS» ЖШС – көп жылдық тәжірибесі бар жоғарысанатты аудиторлар командасынан тұратын сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі авторитетті орган екендігін айта кету керек.

Аудит барысында ЛКА-ның барлық бөлімшелерінің қызметі, сондай-ақ негізгі бизнес-процестері тексерілді. Сәйкестіктің расталуы ЛКА-да клиенттердің қажеттіліктерін болжау мен қанағаттандыруға, бизнес-процестерді тиімді басқаруға және оларды үнемі жақсартуға бағытталған менеджмент жүйесін қолданылатындығы туралы айтады.

«Логистика және көлік академиясы» АҚ ұжымын сертификаттық аудиттен сәтті өтуімен құттықтаймын және сапа менеджменті жүйесі стандарттары аясында одан әрі жемісті жұмыс тілеймін!

Приемная комиссия