Select Page

2022 жылдың ақпан айының 22-сінен бастап наурыз айының 2-сі аралығында Логистика және көлік академиясы институттарының және Алматы көлік колледжінің студенттері арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, студенттерді тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту, жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында Спартакиада өткізілді. Аталған Спартакиадаға 9 спорт түрінен 160 студент қатысып, бақ сынасты. Төмендегі спорт түрлерінен жарыстар өтті: дартс, дойбы, үстел теннисі, қол күресі, волейбол, тоғызқұмалақ,  гір көтеру, бұқа тартыс, арқан тарту.

Тартысты жарыстың нәтижесі бойынша жалпыкомандалық есепте 1 орынды «Автоматтандыру және телекоммуникациялар» институтының командасы иеленді. 

2 орын «Логистика және басқару» институтының командасына тиесілі болды.

3 орынды Алматы көлік колледжінің командасы жеңіп алды.

Жүлдегер командалар Логистика және көлік академиясының мақтау грамоталарымен, ал жеңімпаз команда мақтау грамотасымен және ауыспалы кубокпен марапатталды.

Приемная комиссия