Select Page

16 ақпан мен 29 наурыз аралығында тұрақты даму орталығының 3 тармағының, мықты денсаулық және салауатты өмір сүру мақсатында «Логистика және көлік академиясы» институттары мен ALT педагогикалық колледжі, Логистика және көлік академиясының Алматы колледжі студенттері арасында Мұхаметжан Тынышпаевтың 145 жылдығына орай өткізілген дәстүрлі Спартакиада өз мәресіне жетті.

Спорттың он түрі қамтылған жарыс өте тартысты өтті. Атап айтсақ, гір көтеру, волейбол (ерлер, қыздар), армрестлинг, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, дойбы, бұқа тартыс, дартс, арқан тартыс. Қатысушылардың белсенділігіне жоғары баға берілді. Жарыс нәтижесі бойынша жүлделі орындар бөліске салынды.

I орын «Автоматтандыру және телекоммуникация» институты студенттеріне;

II орын «Логистика және көлік академиясының Алматы колледжі»  студенттеріне;

III орын «Көлік инженериясы» институты студенттерінен құралған командаға бұйырды.

Жеңімпаз командалар мен үздіктер қатарынан танылған ойыншыларды жеңістерімен құттықтаймыз!

АЛАР АСУЛАРЫҢЫЗ МЕН БАҒЫНДЫРАР БИІКТЕРІҢІЗ КӨП БОЛСЫН!

Приемная комиссия