Select Page

Қазіргі заманның ағымына қарай көптеген жастарымыз стресске, депрессияға түсіп кетіп жатыр. Психолог маман эмоцияның сыртқа шықпауы, ішкі күйзеліске себеп болатын «Депрессия», «Стресс» түсінігімен таныстырды. Адам ашуланған кезде оны сыртқа шығара алмаса, ол ренішке айналады. Реніш іште сақталып, бір күні оны қандай да бір дертке шалдықтырады, психосоматика ауруларының әсерінен ағза бұзылуға бейім болады. Депрессия (лат. depressio — көңілсіздак, жабыраңқылық) – жабығу, торығу, күйзелу секілді ұғымдарына балама ұғым. Депрессия – көпке созылмайтын, бірақ созылып кетсе невроз немесе психоздың бастауына айналатын түнілу мен пессимизм арқылы бейнеленетін көніл-күй жағдайы.
Стресс (ағыл. stress) қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі.  

Маманның айтуынша  адамның барлық дене мүшесі мимен тығыз байланысты.  Сондықтан шара барысында Тоқтар Гаухар  стресстен сақтану үшін  ойды артық проблемалардан тазарту, күйзеліске әсер еткен мәселенің шешімін табу, спортпен шұғылдану, психологиялық кітаптар оқу сынды бірнеше кеңес берді. Сондай-ақ депрессия, стресске ұшырағандардың көбі күйзеліске ұшыраған, жақынының сүйіспеншілігі мен қолдауын сезбегендер болып шығатынын, бұларды дәрімен емдеуге болмайтынын, мұндай жағдайда психолог пен неврологтың көмегіне жүгіне алатынын атап өтті. 11 қараша күні 1 курс студенттерімен Алматы қаласы №7 қалалық емхананың психологы мен әлеуметтік қызметкері кездесіп, тренинг ойындар өткізіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Приемная комиссия