Select Page

2024 жылдың 1-5 сәуір аралығында «Тілдік дайындық» кафедрасының оқытушысы С.А. Алиева орыс тобында оқитын өзінің барлық студенттерімен Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайына барды. Бұл мұражай туралы студенттерге алдын-ала ақпараттар берілді. Бағдарлама бойынша өнер тақырыбында қамтылған мұражайлар студенттердің қызығушылығын тудыра білді.  Студенттердің қызығушылығын тудырған бұл өнер мұражайы өзінің сиқырымен, ғасырлар қойнауынан жеткен мұрағаттарымен, сонымен бірге жаңа заман инсталляцаларымен өнерге деген көзқарастарын  өзгертіп, мүлдем басқа әлемге кіріп кеткендей сезімдер туғызғаны жасырын емес. Студенттердің аузынан шыққан тағы да мұражайларға барайықшы деген сөздерді есту үлкен жаңалық болды. Өнер мұражайындағы картиналардың түпнұсқа екендіктері де студенттерді қатты таңқалдырды. Батыс залындағы Европалық суретшілердің, Екінші залдағы орыс суретшілері, оның ішіндегі Суриков. Репин, Айвазовскийлердің  картиналарының алдында суға шөлдеген адамдай ұзақ тұрып, таңданудан жалықпадық. Ә.Қастеевтің залындағы картиналардың да бізге берер сабағы көп болды. Алматы қаласы бойынша мүмкіндігінше барлық мұражайларды аралап шығуды алдымызға мақсат етіп қойдық

Приемная комиссия