Select Page

2022 жылғы 06 мамырда сағат 15:30 – да Академияның салтанат залында «Студенттік көктем-2022″ауқымды фестивалі өтті.

«Студенттік көктем – бұл студенттік шығармашылықты қолдау және дамыту, жалындаған жастардың күш-қуаты. Қарым-қатынас пен шығармашылықтың шыңдалуы. Міне, көп жылдар бойы осы сахнада жыл сайын біздің сайыстарымыз салтанатты түрде өтеді. Залдың энергиясын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Әр институттың қолдауын мәңгі есте сақтауға болады», – деп фестиваль жүргізушісі басталуын жариялады. Шынында да, осы кеште салтанат залында нағыз көктемгі атмосфера орнады. Көрермендер жарқыраған жас әртістерге қолдау көрсетіп, ұрандатып, командаларды қошеметпен қарсы алды.

Осы жылы студенттік көктемде 5 номинация болды.

  1. «Жанымның әуені»
  2. » Техниктер жан дүниесінде әртістер «
  3. «Барлығы билейді!»
  4. «Бейне» бағыты «ALT – жаңа ұрпақ таңдауы»
  5. «Таң қалдыр мені!».

Кеш соңында фестиваль жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды. Барлық командалар жарқырап, өзіндік ерекшелігін, креативтілігі мен күш-қуатын өнермен лайықты көрсетті. Нәтижесінде фестивальдің 1-орынын «Автоматтандыру және телекоммуникациялар» институты жеңіп алды.

2-орынды «Логистика және басқару» институты, 3-орынды «Көлік инженериясы» институты иеленді. «Студенттік көктем-2022» фестивалінің жеңімпаздары бағалы сыйлықтар мен дипломдарға ие болды. Ең бастысы – өмірге деген махаббат пен алға деген ұмтылыс.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Приемная комиссия