Select Page

Ағымдағы жылдың 30 сәуір күні онлайн форматта Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бастамасымен елімізде тұңғыш рет заманауи талаптарға сәйкес дайындалған Ұлттық білім доктринасының жобасы ғалымдар тарапынан талқыға салынды. Айта кетерлік басты нәрсе, бұл доктрина бүгінгі күннің тәрбие, ұлттық құндылықтар, білім, ғылым және ұстаздар мәселелеріне қатысты негізгі талаптарын толықтай қамтыған. Өйткені бүгінгі ХХІ ғасырымыз – ол ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, жоғары технологиялардың заманы екені айқын. Ал сапалы білім – өркендеген мемлекеттің, қуатты экономиканың және болашақ білімді ұрпақтың әлеуетінің негізі болып саналары хақ.

Осыған байланысты мемлекеттік білім саясатының негізгі траекториясын анықтауда осы Ұлттық білім доктринасының маңызы орасан зор болмақ. Сондай-ақ, бұл Ұлттық білім доктринасы педагогика салаларындағы көптеген игі істерді бастап, жүзеге асурда бет түзейтін негізгі темірқазыққа айналары сөзсіз.

Осы талқылаудан соң Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Президиум мүшелері біздің Логистика және көлік академиясының Дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор, ҚР ПҒА академигі Доскараев Бауржан Мелдебекұлын Ұлттық білім академиясының Ғылыми кеңесінің мүшесі етіп сайлады.

Осыған байланысты академияның басшылығы мен барлық профессор-оқытушылар құрамы профессор Бауржан Мелдебекұлын шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта ғылыми және шығармашылық табыстар тілейді!

 Дайындаған:
«Дене шынықтыру және спорт» кафедарасының маманы
Е.Т. Алтынбек

Font Resize
Contrast