Select Page

Наурыздың 17-ші жұлдызында «Көліктегі логистика және менеджмент» кафедрасының мұрындық болуымен «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз»  атты мерекелік шара өтті. Салт-дәстүр, ұлттық ойын түрлері бойынша конкурстар ұйымдастырылды. «Қазақтар», «Шаңырақ», «Ұлыс», «BORN қазақ», «Елім-ай», «Дәстүр», «Наурыз» топтары арасында өз өнерін көрсетуден, салт-дәстүр бойынша сұрақтарға жауап беруден, арқан тарту және асық атудан қызықты тартыс өтті. Нәтижесінде аға оқытушы Г.Нұғманова жетекшілік ететін ТЛ 20-2 студенттерінен құрылған «Шаңырақ» тобы 1орын, А.Сугурова жетекшілік ететін УУО 20-1 студенттерінен құрылған «Ұлыс» тобы 2 орын, Ж.Елешова жетекшілік ететін «BORN қазақ» тобы жүлделі 3 орынға ие болып, мақтау қағаздары мен сыйлықтарға ие болды.

Приемная комиссия