Select Page

2022 жылдың 16 ақпанында «АLT-да» жас кураторлармен семинар – тренинг өткізілді. Семинар – тренингтің мақсаты – жас оқытушының командада жұмыс істей білуін және өзін-өзі бағалауын қалыптастыру. Тренингке қатысушылар бір-бірімен амандасып, түрлі психологиялық жаттығулар мен оқытушының психоэмоционалдық жағдайын, оқыту стилі мен басым құндылықтарын анықтайтын «Жас оқытушының портреті» тесті өткізілді. Сондай-ақ, тренингтің модераторы және қатысушылар күнделікті өмірде оқытушылар бетпе-бет келетін ситуациялық-педагогикалық жағдаяттарға талдау жасады.

Приемная комиссия